Өткен тарихымыз бен танымымызды зерделеу үшін қажет;
Руханият әлеміндегі бел-белестерді қоғам, қалам қайраткерлерінің еңбек-мұ раларымен байланыстырып, ондағы басты тақырып, мәселелерді танып-талдау ісінде аса мәнді фактор қатарына жатады;
Кеше мен бүгіннің арақатынасын, әсер-ықпалын айқындау барынша маңыз болып табылады;
Рухани саладағы еңбектерді жүйелі ізге түсіріп, танып-зерттеу кәделі іс.
Басты мұрат: ұлт әдебиетін бір жүйеге, негізге салып, тұрақты оқып- үйрену, зерттеп-саралау болып табылады.