Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдары.
3.1 Семинар тақырыптары мен тапсырмалар.
№
|
Тақырыбы
|
Тапсырмалары
|
Бақылау түрлері
|
Бақылау графигі
|
1
|
Батыс Қазақстан өлкесінің тарихы курсына кіріспе.
|
Ауызша баяндау
|
Курстың мақсат – міндеттері, басқа курстармен байланысы, арақатынасы, гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны жөнінде баяндау.
|
1 апта
|
2
|
Батыс Қазақстан ежелгі кезеңде.
|
Ауызша баяндау
|
Ғұндардың саяси тарихы, мемлекеттік, әскери құрылымы, шанью қызметі, шаруашылығы, мәдениеті, сарматтардың саяси тарихы, мәдениеті, полихромдық стиль, савроматтар мәдениеті жөнінде баяндау.
|
2 апта
|
3
|
Батыс Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттер тарихы.
|
Ауызша баяндау
|
Оғыздар саяси тарихы, шаруашылығы, қанғар печенегтер, қимақтар, қыпшақтардың саяси тарихын баяндау.
|
3 апта
|
4
|
Өлкелік тарихи - мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихы.
|
Ауызша баяндау
|
Шыңғырлау, Бөрлі, Казталовка, Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Зеленов, Тасқала, Сырым, Теректі, Бөкей Орда, тағы басқа аудандардағы тас, қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері, олардың жерлеу құрылысы, жерлеу рәсімі, жерлеу инвентары жөнінде баяндау.
|
4 апта
|
5
|
Ноғай Ордасы.
|
Ауызша баяндау
|
Ноғай Ордасының территориясы, этникалық құрамы, Сарайшық қаласы, мемлекеттің саяси құрылымы, саяси тарихы, шаруашылығы жөнінде баяндау.
|
5 апта
|
6
|
Кіші жүздің Ресей империясына қосылу тарихынан.
|
Ауызша баяндау
|
Кіші жүздің Ресей империясына қосылудың саяси, экономикалық себептерін, Әбілқайырдың қолбасшылық, мәмілегерлік, билеуші қасиеттерін, қазақ даласындағы Тевкелев қызметін баяндау.
|
6 апта
|
7
|
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының азаттық қозғалысы.
|
Ауызша баяндау
|
Сырым тұлғасы, көтерілісінің себептері, кезеңдері, барысы, сипаты, жеңілу себептері, тарихи маңызы жөнінде баяндау.
|
7 апта
|
8
|
Бөкей (Ішкі Қырғыз Ордасы) Орда тарихы (1801 – 1845 жж.).
|
Ауызша баяндау
|
Бөкей хандығының құрылу себептері, Бөкей, Шығай, Жәңгір, оның жасаған реформалары жөнінде баяндау, баға беру.
|
8 апта
|
9
|
1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
|
Ауызша баяндау
|
Исатай көтерілісінің себептері, кезеңдері, барысы, сипаты, жеңілу себептері жөнінде баяндау, тарихи маңызын ашып көрсету.
|
9 апта
|
10
|
1847 - 1858жж. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
|
Ауызша баяндау
|
Көтеріліс себептері, кезеңдері, барысы, сипаты, жеңілу себептері, тарихи маңызы, көтерілістен кейінгі Есет тағдыры жөнінде баяндау.
|
10 апта
|
11
|
Күнбатыс Алашорда.
|
Ауызша баяндау
|
Ойыл уәлаяты, Жаһанша, Халел қызметтері, Батыс Алаш Орданың кеңес өкіметімен қарым – қатынасы жөнінде баяндау.
|
11 апта
|
12
|
Батыс Қазақстан 1920 – 1930 жылдарда.
|
Ауызша баяндау
|
Азамат соғысы, ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын - сүргін тарихын баяндау.
|
12 апта
|
13
|
Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Батыс Қазақстан (1941-1945 жж.)
|
Ауызша баяндау
|
Батыс Қазақстанның соғыс жылдарында бастан кешкен тағдырын баян ету.
|
13 апта
|
14
|
Батыс Қазақстан 1946-1991 жылдарда.
|
Ауызша баяндау
|
Батыс Қазақстанның ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени - рухани даму жағдайын баян ету.
|
14 апта
|
15
|
Ел тұтқалары-халық жадында.
|
Ауызша баяндау
|
Ел бірлігі, тарихи тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы жайында артына мұра қалдырған ойшылдар - Асан Сәбитұлы, Әйтеке би, өлкенің қоғамдық – саяси қайраткерлері - Әбілқайыр хан, Жәңгір хан, Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы, Мұхамедсалық Бабажанов, Мақаш правитель, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Мендешев, Бақтыгерей Құлманов т.б. қоғамдық саяси қызметтерін сипаттау.
|
15 апта
|
Достарыңызбен бөлісу: |