2 Оқу пәнінің сипаттамасы Әлеуметтану - адамзат қоғамын, оның құрылымын, даму заңдылықтарын, адам әрекетіндегі мінез-құлықтарын, адамдардың өзара қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің жалпы мәселелерін оқытатын ғылым. Қазіргі заманда әлеуметтану пәнін оқытуда қоғамның жаңа сипаты, әдіснамалық өзгерістері, жаңа перспективалары сипатталуы керек. Сондықтан оқытылғалы отырған курс жаңа методологиялық әдістерді қолдана отырып, жаңа жетістіктерге сүйене отырып, қазіргі қоғамның сипатын жан-жақты ашып көрсетуге негізделген.
Саясаттану – саяси ой-тұжырымдамаларды оқытатын, саяси жүйелердің түрлері мен қызметтік заңдылықтарын, мемлекет пен саяси институттарды, қоғамдық саяси үрдістер мен құбылыстарды зерттейтін, қазіргі әлемдік саяси шындықты түсіндіретін, заманауи саяси тенденциялар мен саяси даму перспективаларды қарастыратын пән.
«Психология және мәдениеттану» - болашақ маманның кәсіби сана-сезімін олардың психологиялық мәдениетін дамыту негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық және мәдени тұрғыдан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.
2.1 Пәнді оқыту мақсаты: - әлеуметтану және саясаттану ғылымдарының мәнін тереңірек ұғындыру арқылы әлеуметтік және саяси шынайылықты жан-жақты түсінуге мүмкіндік туғызу;
- білім алушылардың әлеуметтік және саяси мәселелерге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдер мен әдістерді қоғамдық өмірде орынды қолдануға үйрету;
- білім алушылардың әлеуметтік-саяси сана-сезімдерін қалыптастыру;
- саяси материалдарды оқу, түсіну және саяси құбылыстарға дұрыс баға бере білуге үйрету;
- дүниежүзінде және Қазақстандық қоғамда болып жатқан саяси
үрдістер мен құбылыстарға ғылыми талдау жасап, саясатқа обьктивті және сыншыл көзқарас қалыптастыру;
Білім алушылардың әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.
«Психология және мәдениеттану» курсы жеткіншек ұрпақты бүгінгі күрделі өзара байланысты әлемге даярлайды, ондағы адамзат ақыл ойының жетістіктеріне алуан түрлі мәдениеттер байланысына лайықты да білімдар көзқарасты қалыптастыру психология және мәдениеттану ілімін оқытудағы көздеген басты мақсат.
Студенттер психологияның қазіргі күйі жөніндегі білімдерді, адам психикасын сипаттайтын ұғымдық аппаратты меңгеруі қажет, сонымен қатар психология, мәдениеттану бойынша теориялық білімдерді кәсіби педагогикалық іс-әрекетте қолдана алу, педагогикалық жағдаяттарды психологиялық білімдер тұрғысынан талдай алу, соған байланысты білім беру процесін, өз кәсіби іс-әрекетін және өзін-өзі дамытуын құра алу іскерліктерін меңгеруі қажет.
2.2 Пәнді оқыту міндеттері: - әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психология ғылымдарының негізгі бөлімдері мен өзекті тақырыптары бойынша білім беру;
- білім алушылардың саяси және әлеметтік, мәдени сана сезімін және жоғары саяси мәдениеті белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- білім алушыларды әлеуметтік, сыни ойлау мен саяси талдауға үйрету;
- саяси әдіс пен тұжырымдамалар негізінде кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешудің жолдарын үйрету;
- білім алушылардың шығармашылық ойлау мен ғылыми зерттеу-жұмыстарға икемділігін қалыптастыру.
- ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру;
жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;
адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.
адамзат баласының тарихи-мәдени дамуының жалпы заңдылықтарын оқып-білу, оның басты бағыттарын айқындап көрсету;
мәдениеттану ғылымының қоғамдағы орны мен рөліне баға бере отырып, мәдениеттің теңдесі жоқ тарихы мен этноаймақтың феномендеріне сараптама жасау;
мәдениеттану ғылыми саласында қалыптасқан түрлі мектептердің ілімдерін игеру, олардың өзіндік бет-бейнесін айқындау, одан қалды үлгі боларлық мәдени құрылымдарды өзара салыстыру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;
бүгінгі таңдағы мәдениет дамуының өзекті мәселелеріне мәдениеттанулық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар беру және олардың мәнді, мәнсіз жақтарын айқындау.