Байланысты: О у п ніні та ырыбы бойынша д ріс тезистері ж не д ріс курсын о
Плазмалық мембрана. Клетка қабығының іш жағында цитоплазманы қоршаған плазмалық мембрана-плазмолемма орналасқан. Ол өзі арқылы заттарды, сыртқы қабыққа қарағанда таңдап өткізеді. Соған байланысты заттардың клеткаға енуін және одан шығуын реттейді. Цитоплазмада митохондрия, хлоропластар, ядро т.б. органоидтар жайғасқан.
Вакуоль. Өсімдіктердің өсіп жетілген клеткаларында тонопласт деп аталатын мембранамен қоршалған үлкен орталық вакуолі бар. Оның құрамында минералдық иондар, органикалық қышқылдар, кейде қанттар мен амин қышқылдары бар ерітіндіге толы болады. Өсімдіктің ішкі бөліктері бір-бірінен мембраналар арқылы оқшауланып жатады.
Ядро.Клетка органоидтарының ішінде көлемі жағынан ең ірі, қызметі жағынан ең маңыздысы ядро болып есептеледі. Әр түрлі ұлпаларда ядроның көлемі және пішіндері де түрліше болып келеді. Оның диаметрі 10 мкм шамасында дөңгелек, сопақша немесе қалақша түрлері кездеседі. Меристемалық клеткалар көлемінің 75 %-ын ядро алып жататын болса, өсіп жетілген клеткаларда біршама кішірейеді. Ядродағы рибосома бөліктері пайда болатын аймақты ядрошықтар деп атайды. Ядрошықтарда екі рибосомалық РНҚ (25 Sжәне 18 S), цитоплазмалық рибосоманың (80 S) бөліктерінің қалыптасу процестері жүзеге асады. Қорытып айтқанда, ядро клетканың генетикалық ақпараты сақталатын және ДНҚ молекуласының өздігінен құрылуын қамтамасыз ететін органоид болып есептеледі.