Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Дәріс № 15 Тақырыбы:Өсімдіктердің төзімділігі. Құрғақшылыққа төзімділік, ыстыққа төзімділік. Суыққа және аязға төзімділік. Тұзға төзімділік



бет26/27
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139559
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
О у п ніні та ырыбы бойынша д ріс тезистері ж не д ріс курсын о

Дәріс № 15

Тақырыбы:Өсімдіктердің төзімділігі. Құрғақшылыққа төзімділік, ыстыққа төзімділік. Суыққа және аязға төзімділік. Тұзға төзімділік.




Өсімдік ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен біртіндеп бейімделушілігінің нәтижесінде оның төзімді және төзімсіз топтары, түрлері, өкілдері пайда болады. Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз (күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен немесе ішін-ара заталмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша актив түрде төтеп береді.
Төзімділіктің алғашқы түрі белгілі мерзімділікпен әсер ететін жағдайларға (үйреншікті-қыс пен жаздың, жазғы қуаншылықтар т.б.) байланысып қалыптасып, екіншісі-үйреншіксіз, кездейсоқ, күтілмеген жағдайларға (радиация, шаң мен газ, індетті аурулар туғызатын организмдер, химиялық улы заттар) байланысты қалыптасады.
Температуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер ыстыққа, суыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді. Сумен қамтамасыз етілуіне байлаанысты өсімдіктер қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Бұдан басқа топырақтың түрлі тұздардың мөлшеріне, түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індетті ауруларға, газдың әсеріне төзімді және төзімсіз өсімдіктер топтары ерекшеленеді.
Заппер И. өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарға жататын өкілдерінің ыстыққа төзімділігін зерттеді. Ол зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:
Көлеңкеде өсетін өсімдіктер температуралық максимумы +40,5-42,5С (мысалы, саумалдық, шытырлақ).
Су өсімдіктері +41,5С (элодеа, валиснерия).
Біршама көлеңкелеу жерде өсетін өсімдіктер +45-46с (шыршай, қырыққұлақ т.б.).
Қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер +48С (қалампыр, андыз т.б.).
Қоңыржай аймақтарда өсетін өсімдіктер +44-45С (сасық меңдуана, қара алқа).
Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48,5-54,5С ыстыққа шыдай алады.
Фотосинтез процесі тыныс алуға қарағанда жоғары температураға сезімталдау келеді. Кейбір өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі тамырларының тереңдеп өсуіне байланысты транспирацияның жоғары қарқындылығымен анықталады. Суккуленттердің ыстыққа төзімділігі ұлпаларында байланысқан судың көп болып, тұтқырлығының жоғары болатындығымен анықталады. Сонымен қатар, температураның көтерілуінен өсімдік клеткаларында «стресс» белоктарының синтезделуі жеделдейді.
Өсімдіктердің суыққа-аязға төзімділігі. Температураның төмендеуі ферменттік жүйелерге әсер етіп, белоктар ыдырап, қарапайым төзімді заттарға айналады. Сонымен қатар қанттардың және белоктарды коагуляцияланудан қорғайтын, басқа заттардың мөлшері көбейеді. Төмен температураның әсерінен зат алмасу процесі бұзылып, өсімдік зақымданып және тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.
Төмен қолайсыз температураның әсерінен клетка өлімінің негізгі екі себебі бар: 1) сусыздану, 2) мұздың қысымынан клетка құрылысының бұзылуы. Клетка аралықтарында пайда болған мұз клеткадан суды өзіне тартып, оны сусыздандырады. Өсімдіктердің қатты суыққа төзімділігі клеткалардағы физикалық-химиялық өзгерістерге байланысты. Қыстайтын жапырақтарда және басқа мүшелерде қанттардың мөлшері көбейіп, крахмалдың мөлшері азаяды. Байланысқан судың мөлшері артып, аязға оңай айналмайды. И.И.Туманов (1931) өсімдіктердің шынығу теориясын қалыптастырды. Осы теорияға сәйкес күз айларында күннің ұзақтығы қысқарып, салқындайды, өсімдіктер қыстың қолайсыз жағдайларына бейімделе бастайды. Күздегі күннің ашық кездерінде өсімдіктерде фотосинтез процесі тоқтамайды, бірақ тыныс алуы төмендейді. Нәтижесінде өсімдік ұлпаларында қанттардың мөлшері көбейіп, қыстап шығуға қажетті жағдай қалыптаса бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет