Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет6/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Гольджи аспабы. Камило Гольджи (1899) клетканың бұл органоиды диктиосома, везикула (көпіршік) және цистернааралық түтікшелер сияқты құрылымдардың жиынтығы екендігін анықтады. Гольджи аспабы (ГА) көптеген маңызды қызмет атқарады. Оның мембранасында майлар мен көмірсулар (полисахаридтер) синтезделеді де, олар клеткада пайдаланылады және мембрананың құрамына кіреді. ГА әрекеттерінің нәтижесінде плазмалық мембрана жаңарып өсіп отырады.
Эндоплазмалық тор. Сыртқы плазмалық мембранамен генетикалық байланыста болатын, клетканың ішкі мембраналар жүйесін 1945 ж. Г.Палад ашып, К.Портер эндоплазмалық ретикулум (ЭР) немесе эндоплазмалық тор деп атады. Ол өзекше (канал), цистерна, көпіршік сияқты құрылымдардан құралған жүйе. Ядро қабықшасы да осы жүйеге қосылады. Құрылымдық пішініне қарап ЭТ кедір-бұдырлы және тегіс болып екі түрге бөлінеді. Біріншісінің өзекшелер жүйесінің бетінде рибосомалар орналасады да, тегіс түрінде болмайды. Осы екі түр бір-біріне ауысуы мүмкін. Эндоплазмалық тор тұрақсыз құрылым болып есептеледі (қолайсыз сыртқы жағдайларға байланысты). Эндоплазмалық тор алуан түрлі қызмет атқарады. Кедір-бұдырлы ЭТ-дың мембранасында липидтер мен көмірсулар синтезделеді. Бұл синтез өнімдерінің барлығы каналдар мен қуыстарға жиналады да, онда клетканың әртүрлі органоидтарына жеткізіліп, сонда жұмсалады. ЭТ клетканың негізгі органоидтарын өзара байланыстырып тұрады.
Барлық организмдер клеткасының атқаратын көптеген қызметтерінің ішінен олардың қоректенуі, қимыл-қозғалысын, көбеюін атауға болады. Жасыл өсімдік клеткасының қоректенуі екі негізгі процестен автотрофты қоректену (фотосинтез) және минералдық заттарды, суды сіңіруден тұрады. Өсімдік клеткасының негізгі қызметтеріне тітіркенгіштік, қимыл-қозғалыс, заттарды сіңіру және бөліп шығару (секреция) т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет