Кәсіпорын қызметіндегі шығындардың рөлі
Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі.
Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолданылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар, еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріске салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын алады. Баламалы шығындар, немесе таңдау шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын» ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар). Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес» шығындардың сомасына тең болады.
Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады. Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төменде-туге тырысады, өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.
Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.
Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:
1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.
2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
АС(averagecosts)=ТС/Q.
Орташа шығындар үшке бөлінеді:
1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АFС=FС/Q.
2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АVС=VС/Q.
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC=AFC+ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
МС(marginalcosts)=∆TC/∆Q,МС=∆VC/∆Q.
Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, қосымша тұрақты шығндар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0.Шыындрды экономикалық элеметтер арқылы топтастыру барлық шығарылған өнім түрлеріне смета құру үшін, өзіндік құнның төмендеуін жоспарлау үшін, шығындардың құрылымын анықтау үшін, айналыс құралдарын мөлшерлеу үшін қолданылады. Мұның тағы бір ерекшелігі – шығындардың пайда болу орны есепке алынбайды және шығындар экономикалық мазмұны бойынша түрлерге бөлінеді. Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді өндіру, өткізу шығындары келесідей экономикалық элеметтерге бөлінеді:
- материалдық шығындар
- еңбекақы шығындары;
- сақтандыру шығындары (әлеуметтік төлемдер)
- негізгі қорлардың тозу құнын есептеу шығындары (амортизация);
- басқа да шығындар.
Өндірілген өнімнің бір данасына кеткен шығындарды есептеу барысында экономикалық элеметтер бойынша топталған шығындар қолданылмайды. Өйткені көптеген шығындарды өнімнің түрлеріне жатқызу мүмкін емес. Өнімнің бір данасына кететін шығындарды есептеу барысында шығындарды баптар бойынша топтастыру қолданылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыру кезінде дедукция әдісін пайдаланып шығындардың пайда болу орны мен мақсатты жұмсалуына байланысты түрлерге бөлу қолданылады.Жеке өндірілген өнім түрлерінің өзіндік құнға жатқызу тәсіліне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей шығындар дегеніміз – жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз, тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізаттар мен негізгі материалдар, тағы сол сияқтылар.Жанама шығындар – жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылмайды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады. Барлық өндірілген өнім арасына шартты түрде пропорционалды бөлінеді. Мысалы, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнеркәсіп өндірісінің шығындары негізгі экономикалық элементтер мен шығын баптары бойынша жоспарланады және есепке алынады. Негізгі экономикалық элементтерді топтастыру кәсіпорынның материалдық ресурстардағы жалпы қажеттіліктерін, негізгі құралдардың 107 құнсыздану мөлшерін, еңбек шығындарын және кәсіпорынның басқа да ақшалай шығынтарын айқындайтын өндіріс құнын бағалауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіпте экономикалық элементтер бойынша шығынтарды келесідей топтайды: -шикізат пен негізгі материалдар; - қосалқы материалдар; - отын ( сырттан); - энергия ( сырттан); - негізгі құралдардың амортизациясы; - еңбекақы; - әлеуметтік қамтамасыз ету жарналары; - элементтерге бөлінбеген өзге де шығындар. Кәсіпорында экономикалық элементтер бойынша шығындарды есептеу негізінде өндірістік шығындар сметасы құрылады. Жеке экономикалық элементтердің құнының жалпы құнына қатынасы өндірістің өзіндік құнының құрылымын анықтайды. Әр түрлі салаларда өндіріс шығындарының құрылымы өзгереді, бұл әр саланың нақты жағдайларына байланысты.Экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтастыру кәсіпорынның материалдық және ақшалай шығындарын оларды белгілі бір өнім түрлеріне және басқа да экономикалық қажеттіліктерге бөлместен көрсетеді. Экономикалық элементтерге сәйкес, әдетте, өндірістің өзіндік құнын анықтау мүмкін емес. Жабдықтарды ұстауға және пайдалануға арналған шығындар техниканы және жабдықты ұстауға жұмсалатын шығындарды, жабдықтарды, цехтарды және құралдарды ағымдағы және күрделі жөндеумен, цехтарға бекітілген негізгі құралдардың құнсыздануын, төмен құнды және тез тозатын заттардың құнын және т.б. қамтиды. «Жаңа өндірісті дайындау және игеру шығындары» бапы күрделі емес шығындарға жатады: технологияларды жетілдіру, жабдықтарды ауыстыру, арнайы құрал-жабдықтар мен жабдықтарды өндіру және т.б. Цех шығындары негізгі өндірістік цехтарды басқару бойынша шығындарды қамтиды: цех қызметкерлерінің жалақысы, амортизациялық шығындар, ағымдағы жөндеу, жылыту, жарықтандыру, ғимараттар мен цехтарды тазалау, түгендеу және арзан құнды жалпы мақсаттағы бұйымдар және т.б. Жалпызауыттық шығындар кәсіпорынның жалпы шаруашылық қажеттіліктерін басқару және жүргізу шығындарын жабуға бағытталған: жалпы өндірістік мақсаттарға ие басқару персоналы, ғимараттарды, аумақты, көлік және т.б. Өндірістік емес шығындар өнімді сатумен байланысты шығындарды (орау, тасымалдау, жарнама, тарату желісі, комиссиялар және т.б.), сондай-ақ әр түрлі аударымдар мен төлемдерді қамтиды. Шығындарды калькуляциялық баптау бойынша топтастыру олардың шығындарын олардың орнына және мақсаттарына қарай көруге мүмкіндік береді, белгілі бір өнім түрлерін өндіретін және сататын кәсіпорында қанша тұратынын анықтайды. Шығынның баптарын жоспарлау және шығындарды есепке алу шығындардың осы деңгейіне әсер ететін факторлар әсерін анықтау үшін қажет, онда оны төмендету үшін шаралар жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнына қосылған кәсіпорындардың шығындары тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімдерді өндіруге тікелей байланысты шығындарды қамтиды және тікелей жеке түрлерімен ескеріледі: негізгі материалдардың құны, технологиялық қажеттіліктерге арналған отын және энергия, негізгі өндірістік шығындардың жалақысы және т.б. Жанама шығындар тікелей мүмкін емес немесе тікелей емес өнімнің белгілі бір түрлерінің өзіндік құнына қатысты: цехтық шығындар, зауыттық, жабдықты ұстау және пайдалану. Өндірістің көптеген салаларында цехтық және жалпызауыттық шығындарды өндірістің белгілі бір түрлерінің өзіндік құнына және техниканы ұстауға және пайдалануға арналған шығындардың мөлшеріне пропорционалды түрде бөлу арқылы енгізіледі. Кәсіпорында шығындарды тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу тәжірибелік маңызды орын алады . Тұрақты шығындар белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде құны өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға 109 жататындар: міндетті заемдардың амортизациясы , сақтандыру жарналары және т.б. Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болатын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Шығындар құрамы бойынша қарапайым және кешенді деп бөлінеді. Қарапайым шығындар бір элементтен - материалдан, жалақыдан, амортизациядан және тағы басқалардан тұрады. Бұл шығындар, олардың шыққан жеріне және мақсатына қарамастан, әр түрлі құрамдас бөліктерге бөлінбейді. Кешенді шығындар деп персоналдың жалақысын, ғимараттардың құнсыздануын және басқа да біртекті шығындарды қамтитын цехтар мен зауыттық шығындар сияқты бірнеше элементтерден тұратын шығындарды атайды. Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып жіктеледі. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланылғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдерінің барлық түрлерін айтады. Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері, шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы , тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шағындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Отандық кәсіпорындардың жұмыс істеуіне жұмсалған шығындарды өндірістік және өндірістік емес шығындарға бөледі. Өндірістік өзіндік құнға тек қана өндіріске жұмсалған шығындарды жатқызады. Өндірістік емес шығындар өнімнің сатылу процесін қамтамасыз ету үшін және кәсіпорынның экономикалық бірлік ретінде жұмыс істеуі үшін пайдаланылады және өнім сатылымынан түскен пайданы азайту үшін тікелей есептен шығарылады. Шығындарды бақылау жүйесін қамтамасыз ету үшін олар бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлінеді Бақыланатын шығындар - бұл басқару субъектілері тарапынан бақылауға болатын шығындар. Құрамы бойынша олар реттелетіндерден ерекшеленеді, себебі олар нысаналы сипатқа ие және кейбір жеке шығындармен шектелуі мүмкін. Мысалы, кәсіпорында кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде орналасқан жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді тұтынуды бақылау қажет. Бақыланбайтын шығындар - басқару субъектілерінің қызметіне байланысты емес шығындар. Мысалы, отын-энергетикалық ресурстар бағасының өзгеруі және т.б. Кәсіпорынның шығындарын бақылау жүйесі тиімді болу үшін, шығындардың қалыптасуы, шығыстарды жіктеу үшін жауапкершілік 110 орталықтарын анықтау керек, содан кейін басқару шығындарын есепке алу жүйесін пайдалану керек. Өнімнің жекелеген түрлерінің құны өндірістің өзіндік құны мен өндірістің бірлігіне сату көлемін көрсететін шығын калькуляциясын дайындау арқылы анықталады.Шығындардың калькуляциясы өнеркәсіптік салада қабылданған шығындардың баптары бойынша жасалады. Өнім калькуляциясы өнімнің толық өзіндік құнын ,бір өнімге шаққандағы құнын анықтау мақсатында құрылады. Өнімнің немесе өндірістік қызметтің әр түріне жеке жасақталатын құжат. Калькуляциялаудың үш түрі бар: жоспарлы, нормативті және есепті. Жоспарланған калькуляцияда шығындар жеке баптар бойынша шығындарды есептеу арқылы анықталады, ал нормативті калькуляцияда шығындар құнын - кәсіпорында қолданылатын нормалар бойынша есептейді. Демек, ұйымдық және техникалық шаралардың нәтижесінде нормативтен төмен болмауы үшін, оны ай сайын қайта қарайды. Есепті калькуляцияда шығындар баптары есептік деректер негізінде жасалады және өнімнің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуын тексеруге мүмкіндік беретін өнімнің нақты құнын көрсетеді. Өндірістік кәсіпорындарда шығындарды калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есепке алудың үш негізгі әдісі бар: тапсырыстық, көлденең және нормативтік. Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі жеке және кішігірім өндірісте, сондай-ақ жөндеу және эксперименталды жұмыстың құнын есептеу үшін жиі пайдаланылады. Бұл әдіс өндіріс шығындарын өнімге немесе өнім тобына тапсырыстар бойынша есепке алынады. Тапсырыстың нақты құны осы тапсырыстың барлық шығындарын қорытындылай отырып, осы бапқа жататын өнімді немесе бұйымдарды өндіру аяқталғаннан кейін анықталады. Өнімнің бірлігіне шығындарды есептеу үшін шығындардың баптары бойынша жалпы құны өндірілген өнім көлеміне бөлінеді. Шығынды калькуляциялаудың көлденең әдістемесі өндірістің бастапқы материалы мен өңдеу сипаты бойынша біртекті болып табылатын қысқа, бірақ толық технологиялық циклмен жаппай өндіруде қолданылады. Бұл әдіс бойынша шығындарды есепке алу өндірістік процестің кезеңдерінде (кезеңдерінде) жүзеге асырылады Калькуляциялаудың нормативтік әдісі ең прогрессивті болып табылады, өйткені ол өндірістік процестің барысын күнделікті бақылауға, өндіріс шығындарын төмендету бойынша міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өндіріс шығындары екі бөлікке бөлінеді: шығындар нормалар шегінде және тұтыну нормаларынан ауытқулар. Лимиттегі барлық шығындар жеке тапсырыстар үшін топтастырусыз есептеледі. Белгіленген нормалардан ауытқулар олардың себептері мен кателіктері ескеріледі, бұл ауытқулар себептерін дереу талдауға, оларды ескертуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |