45. Мектептерде оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыру кезінде:
1) сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, икемді сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтату үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) әрбір сынып белгілі бір кабинетте болатын кабинеттік жүйеден бас тарту;
4) білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салу;
5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
6) мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын өлшеу;
7) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
8) желдету, кварцтау,
9) әрбір сабақтан кейін қолды арнайы құралмен жуу;
10) кабинеттерді ылғалды жинау;
11) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
12) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
13) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.
Қашықтықтан оқыту форматында білім алушылар үшін жеке консультациялар 5 білім алушыға дейінгі топтарда қажеттілік бойынша білім жоғалтуының алдын алу және орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |