Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
4 деңгейдегі СМК құжаты
Оқу бағдарламасы
Ф ӘН 042-39.1.24/01-2016
«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешені
10.06.2016 ж
№1 басылым
Жаратылыстану-математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
«ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АКТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ» пәнінІҢ оқыту-әдістемелік кешенІ
Семей 2016 ж.
№1 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі
Мақсаты: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесін оқуда ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру, қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ақпараттық сатыға өту кезеңінде мұғалімнің сабақ беруде интерактивті технологияларды қолданатын әдістері.
1-тақырып. Интерактивті тақта түсінігі және оның құрылымдары.
Ағылшынның Promethean LTD фирмасы Activboard арқылы оқу процесінде тыңдаушылардың (оқушылар) назарын сапалы, қызықты презентациялар (конференциялар) өткізу үшін электронды интерактивті тақта ұсынады.
Интерактивті құралдар:
ACTIVboard - Активті Экран интерактивті тақта дербес компьютер және проектормен бірігіп жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аудиторияға электронды конспект дайындап оны көрсету үшін өте тиімді.
ACTIVpen қаламы
ACTIVpen - электронды қарындаш компьютерді Активті Экран арқылы басқарып, Windows-та түрлі аннтотациялар жасап көрсете алады. Электронды қарындаш компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы