Талдауға маңызды тақырыптар Мәтіннен пікірталасқа, сыныпта жалпы пікір алмасуға
тұрарлық деген ерекше мәліметтерді табыңыз.
105
Бұдан ары жұмыстың нәтижесін талқылау ұйымдастырылады.
Қосымша жұмыстар болуы мүмкін: 1. Қосымша мәліметтер
іздеу. 2. Жеке оқушыларға үй тапсырмасын беру. 3. Шешілмеген
мәселелерді белгілеу.
5. Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі Кезеңнің білімділік міндеттері: 1. Оқушының өткен оқу материалын дұрыс және саналы
қабылдауын анықтау.
2. Оқушылардың өткен материалды түсінудегі олқылығын,
қате қабылдауын айқындау.
3. Оқушының жаңа материалды түсініп қабылдауындағы
анықталған олқылықтарға түзету жүргізу.
4. Оқушының субъекті тәжірибесінің ғылыми білім
белгілерімен қатынасын қамтамасыз ету.
Сабақ кезеңінің мазмұны: 1. Мұғалімнің оқушының сабақты қабылдаудағы мазмұнның
негізгі мәнін меңгеруін тексеруі.
2. Оқушының жаңа білімді, іс-әрекет амалдарын толық,
саналы меңгеруін тексеру.
3. Оқушының жаңа материалды алғашқы қабылдауындағы
олқылықты айқындау.
4. Оқушылардың
жаңа
білімді
қабылдауындағы
түсініксіздікті жою.
Білімділік міндеттерінің орындалу көрсеткіштері: 1. Репродуктивті (төменгі) және конструктивті (жалпы)
деңгейдегі көпшілік оқушылардың өткен материалдардың негізгі
мазмұнын дұрыс және саналы қабылдауы.
2. Оқушының жауабын нақтылауға және толықтыруға басқа
оқушыларды қатыстыру.
3. Оқушылар түсінігіндегі олқылықты жаңа тақырыпты
түсінуде немесе сабақтың келесі кезеңіндегі жұмыс барысында
жою.
Кезеңнің білімділік міндеттерін шешуші педагогикалық техникалар: Оқытылғанды түсінгендігін алғашқы тексеруде кезеңнің
білімділік міндеттерін шешетін педагогикалық техникалар.
«Араның ұясы» Жаңа сабақты түсіндіру, меңгеру сатысы аяқталған соң
106
мұғалім әр екі оқушыдан тұратын жұпқа кім не білгендігі жөнінде
ойларымен бөлісіп, өздері қойғысы келетін екі сұрақ дайындау
жөнінде тапсырма береді. Ары қарай әр жұп кезекпен сұрақтарын
қояды. Бұл сұрақтарға жауапты не мұғалім, не басқа оқушылар
береді. Сонымен, берілген осы техника арқасында мұғалімнің
берген мәліметтері қорытындыланады, өңделеді.