ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ ІС-ӘРЕКЕТІН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Ибраймова Гүлмира Қамзақызы
Б.Аманшин атындағы орта мектебі
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінің түп қазығы – білім мен ғылым. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп - өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт – бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күні біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыларымыз әлем болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру керек. Қазіргі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Әр мұғалімнің алдындағы міндет – рухани дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу болып табылады.
Мен ұстаздық шығармашылығымды жетілдірілген бағдарламамен жұмыс істеуден бастадым. Менің алдыма қойған мақсатым: талабына сай баланың психологиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың ынта – ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту. Педагогикалық технология арқылы жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін арттырудың жүйесін былайша көрсетуге болады:
педагогикалық технология
жеке тұлғаның қажетті- жеке тұлғаны жан- оқушының жеке тұлғалық
ліктерін қанағаттандыру жан-жақты дамыту қабілетін ашуға мүмкіндік
туғызу
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан – жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. / 1.42-43б/ Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Білім негізі бастауышта қаланады десек, ең алдымен оқушылардың танымдылық қызығушылығын арттыру керек. Баланың ақыл – ой әрекеті мен қабілеттерін дамыту, олардың білімге деген құштарлығын оятады. Сондықтан да мына қағидаларды үнемі есте ұстау керек:
Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай,
оның үнемі алға жылжуын ескеріп, оның шығармашылығын жетілдіру;
Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
Оқушыларды оқыта отырып, тәрбиелеу жаңа технологияны пайдалану
барысында оқу мен тәрбие мәселесін тығыз байланыстыру; - Әр баланың шеберлігін, яғни бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете білуіне
жағдай туғызу;
Пікір таластыра білуге, өз пікірін айтып, дұрыс сұрақ қойып үйренуіне
көмектесу;
Жолдастарымен, үлкендермен т.б. қарым – қатынасын қалыптастыру;
Оқушылар қабілетіне қарай білім дағдыларын ғылымның әр саласынан меңгеруге тырысады.Алайда оқушылардың барлық ғылымдарға қызығушылығы бірдей дәрежеде емес екендігі белгілі.Сондықтан бүгінгі таңдағы талап – шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақты қалыптастыру болып отыр. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың үш жағдайын айтуға болады:
- Оқыту үрдісінде оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілуі.
- Оқушының танымдық әрекетін ұйымдастыратын дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қатынаста сыйластық, сенім, ізеттілік орнатуға мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті керек.
Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде оқу үрдісін жаңаша жүргізетін педагогикалық технология әдістері аз емес. Солардың ішінен мақсатымды жүзеге асыруға оңтайлы деп «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістерін таңдадым. оқыту процесі
мұғалім оқушы
сын тұрғысынан ойлау
ұйымдастыру түрлері оқыту әрекеті оқыту құралдары
жеке, топтық, жұптық ақпараттықтық, оқулық, қосымша әдебиет
ұжымдық өз бетінше танымдық, дамытушы тер ақпараттық материал
білім алу лық, ізденушілік дар
оқушы шығармашылығын дамыту
Сын тұрғысынан ойлау» технологиясындағы оқу үрдісінде мынадай мақсаттар көзделеді: - Оқушыға сенімділік білдіру.
- Пәнге қызығуын арттыру.
- Оқушылардың өз біліміне сенімінің болуы және оны әрі дамыту.
- Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылықпен ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. /6.12-13б/
«Сын тұрғысынан ойлау» оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап алудың маңызы зор. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды.Ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының танымдылық қызығушылығын арттыру керек. Дамыта оқытуды ұйымдастыруда балаға ақыл – ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау керек. Міне, осындай оқытуға сабақты өткізуді «сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасы бойынша ұйымдастыру жатқызылады.Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, мұғалімге де үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге жағдай жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын шала түсіндіруге, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға тигізер пайдасы көп. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарлайды, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене араласады, өз ойын еркін айтуға үйренеді. Тақырыптың мән мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады. Осыдан оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасады да, баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. /7.25б/
Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрену – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, ойлау жүйесін де меңгереді.Сын тұрғысынан ойлау сынау емес,шыңдалған ойлау./8. ІІ, ІІІб/ Бұл технология көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны түсіну, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Сабақ құрылымының жоспары
Қызығушылықты ояту Мағынаны түсіну Ой толғаныс
топқа бөлу, әлемді ой шақыру, инсерт, Венн бес жол өлең, кубизм , эссе , шарлау, болжау диагрммасы Б Ү Ү
оқушы шығармашылығы
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындап отыру керек: - Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
- Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
- Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
- Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қабылдау.
- Кейбір оқушылардың бір – бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді болуын талап ету
- Сын тұрғысынан ойлауын бағалау қажет.
Сонда ғана оқушы: - Мен осы мәселе туралы не ойлаймын ?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе ?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті? – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Ой толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын жазып жүрді. - Осы әңгімені оқып отырғанда сендерге не әсер етті?
-Осы әңгімеден қандай үлгі алуға болады? – деген сұрақтармен бағыт беріледі. Бірте – бірте оқушыларда мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай батылдық сезіле бастады.Күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді. Кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазып отырды.Әңгіменің мазмұнын талдауда кейіпкердің іс-әрекетінің жақсы жағымен қатар нашар жағын да аңғара алатындай сұрақтармен ойландырып отыру керек. Мысалы: Қ.Жармағанбетовтің «Ормандағы оқиға» әңгімесін талдауда
Қарағаш пен қайың жөнінде қандай ойда қалдың ?
Сексеуілдің іс-әрекетіне баға бер.
Осы әңгімені оқығанда сендерге не әсер етті?-деген сұраққа оқушылар өз толғаныстарын білдірді.«Джигсо» әдісінде мәтінді бөліктерге бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болады. Мұның өзі олардың өздерін басқа жолдастарындай сезінуге, өз ойын ашық жеткізе білуге үйретті. Оқушыларды топқа бөлгенде мәтіннің көлеміне қарай, ұзақ мәтінді 6 – 7 бөлімге бөліп, сыныптағы оқушыларды 4 – 5 топқа бөлуге болады. «Бес жол өлең» құраудың пайдасы ана тілі сабағында қазақ тілімен пәнаралық байланыс жасауда тиімді. Ол зат есім, сын есім, етістік, сөйлем, мәндес сөздер туралы ережені бекіте түседі.
Тірек сөздер арқылы болжам жасау әдісінде оқушылар мәтін құруға өте ынталы болады. Мәтіннің соңында берілген 5 – 6 сөзді қатыстырып, мәтін құрастыруды тапсыруға болады. Ол кезде бірте-бірте шағын әңгімелер құрай бастайды. Қазір әр оқушы бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр түрлі әңгімелер жазып жүр. «Еркін жазу» әдісінде өтілген тақырыпқа байланысты мағұлмат жинап келуге тапсырма беруге болады. «Сырдың аппақ күріші» өлеңінен кейін –Күріш туралы не білуге болады ?- деп, күріш туралы жаңа мағұлмат жинауды тапсырдым. Келесі сабақта әр оқушы 3-4 сөйлем болса да жазып келгенін оқып берді.Сыныптағы оқушының жұмысынан біраз жаңа білім алуға болады. Венн диаграммасы бойынша мәтінді оқымас бұрын салыстыруға болады. Мысалы: Мұхтар Мағауиннің «Қазақтың хан сайлауы» мәтінін өткенде Венн диаграммасы арқылы хан сайлауы мен қазіргі заманымыздағы президент сайлау тәртібі былайша салыстырылды:
Хан сайлау хан сайлау халық Конституция Президент сайлау
бір үміткер сайлайды заңына сәйкес бірнеше үміткер
ашық дауыс ел басқарады жасырын дауыс береді
С.Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін өткенде топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытты. Бұл кезде инсерт (белі қойып оқу) әдісін пайдалана отырып, қарындашпен мына белгілерді қойып отырды. v-білемін, - білмеймін, + жаңалық, ?-таңқалдырады.Қойылған белгілер бойынша сөздік жұмысы жасалды. «Білемін, Үйренгенім, Үйренгім келеді» әдісін пайдаланған уақытта оқушы мәтін бойынша үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Сондықтан да ұстаздық міндетім – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын таңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады. Ал, мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рол атқарады. Соның дәлелі ретінде Ой толғаныс кезеңінде тақырыпты қорытындылау мақсатында «Бес жол өлең» әдісі пайдаланылды. Бұл сабақтарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде сабақтың тақырыбының мазмұны ашылды.Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы әдістердің бірі – эссе жазу. Эссе жазған кезде оқушылардың неге мүдделі екені байқалды, яғни оқушылардың пікірінше эссе деген түсінгеніңді жазып берумен шектелу, мазмұнын баяндап беру болып табылады. Оқушыларға эссе жазу деген белгілі бір тақырып жайында өз пікіріңді, ой қорытуыңды дұрыс жеткізіп, содан алған әсеріңді, сезіміңді түйіндеу деп түсіндірілді де, жазғанда мына нәрселерді ескеру керектігі айтылды. Берілген тақырыптың мазмұнын терең түсініп, оқылған мәтіннің кейіпкері жайында өз пікірін білдіру, яғни ойын ашық айту. Бала кез келген жаста ойлауға еркін талдау жасауға қабілетті, жақсыға ұмтыла отырып, оны түсінеді, сезінеді. Осындай жұмыстар жүргізу оқушылардың білім сапасының артуына ықпалын тигізді.
Сонымен қорытындылай келе, өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге сегіз қырлы, бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әр түрлі шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту міндеті тұр. Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Өз тәжірибемдегі ізденіс әр баланың жан –дүниесіне үңілуден басталды. Сыныптағы әр баланың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін байқап, шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап қолдану керек
«Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытуға болады. Аңғарымды, ойлы болуға, өз ойын дәлелді жеткізуге үйренгені байқалды.
Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. /3.11-12б/ Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды күнделікті сабақта қолдануда үлкен белсенділік таныту – ұстаздық міндетіміз. Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өсіп, күннен күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысты дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Сонымен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және топтық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы Миялы селосы
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім бнруді дамыту
тұжырымдамасы Астана «Білім-Образование» №1 2004
« Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2007 № 1
«12 жылдық білім» журналы, 2006 № 3
Г.К..Селевко Современные образовательные технологии
«Народное образование» 1998
«Қазақстан мектебі» журналы, 2007 №9
«Дауыс және көрініс» журналы
Сабыров Т.С. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары»
8 . Куртис С. Мередит, Жинни Стиль «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау жобасы» (Методикалық құрал І, ІІ, ІІІ, ІV, V, VІ, VІІ. )
Достарыңызбен бөлісу: |