Оқу сауаттылығы 1 мәтін Нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата26.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#188266
1   2   3   4
Байланысты:
4-synyp

 
2 мәтін 
Нұсқаулық:
 
Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
 
Баланың тапқырлығы 
 
Eрте заманда ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, 
ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған 
шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана 
қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді 
қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты. 
Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. 
Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі : 

Дәрімен құрту керек, 

 
десе

енді бірі: 

Oтпен құрту керек екен, – дейді екен. Енді біреуі: 

Oның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, десе, – тағы біреуі: 
– Қыста барлығы үсіп ӛлмей ме? – деп бас қатырыпты. Ақыры мұның 
шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның 
сӛзіне ешкім 
нанбапты
. Әуелі уәзірлері мазақ етіпті. Амалы таусылған бала 
ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен 
дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған 
қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен 
қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады 
екен. 
Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы 
мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер ӛздерінің надандығынан ұялыпты. 
«Асыл тастан, ақыл жастан» деген мақал осыдан қалыпты.
5. Eн даланы жаулаған жәндік 
A) маса 
B) ара 
C) торғай 
D) шегіртке 


6. Mәтіндегі қарамен жазылған сӛйлемнің иесі 
A) уәзір 
B) шабарман 
C) хан 
D) бала 
7. Mәтіндегі мақалдың мағынасы 
A) ақыл жасқа қарамайды 
B) ақыл шексіз болады 
C) жастар ақылды болады 
D) асыл мен ақыл бірдей 
8. Mәтіндегі қарамен жазылған сӛздің синонимі 
A) жаулапты 
B) састырыпты 
C) бағынбапты 
D) сенбепті 
9. Құс бағушының елді таңқалдырған іс – әрекеті 
A) қараторғайды ұшырғаны 
B) амалы таусылғаны 
C) ордаға келгені 
D) шегіртке аулауы 
10. Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал
A) Ақылы аздың ашуы кӛп. 
B) Ақылы асқанды аға тұт. 
C) Ақыл тозбайды, алтын шірімейді. 
D) Ақылы аздың азабы кӛп. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет