Оқу сауаттылығЫ 1-НҰСҚа зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл»



бет135/205
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#94049
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   205
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1

66-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы - махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. (94 сөз)
Бауыржан Момышұлы
1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Айнабұлақ
B)Махаббат
C)Жүрек
D)Мыңбұлақ
E)Намыс
2.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?A)
Ерлік пен еңбек – егіз
B)Талапты ерге нұр жауар
C)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
D)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
E)Ерлік тәрбиеден туады
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. (166 сөз)
(Интернет материалдарынан)
3.Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Қос аяқтылар.
B)Сүт қоректілер.
C)Шөп қоректілер.
D)Ет қоректілер.
E)Үй жануарлары.
4.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан
B)Мүйізі үлкен болғандықтан
C)Меринос қойымен будандастыратындықтан
D)Егіз төл беретіндіктен
E)Суыққа төзімді болғандықтан
5.Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Шөлейт жерлерді
B)Тау бөктерлерін
C)Құмдауыт ойпаттарды
D)Егіс алқаптарын
E)Жазық даланы
6.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
B)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
C)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
E)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.

7.Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?


A)Таққа отырған жерінде
B)Жорықта жүрген жерінде
C)Қайтыс болған жерінде
D)Басып алған жерінде
E)Туған жерінде
8.Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?
A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
B)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
C)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
D)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
9.Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?

A)Дұшпандары жек көргендіктен


B)Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан
C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D)Аяғы кем болып туылғандықтан
E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
10.Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Көріпкел
B)Ақылды
C)Білімді
D)Саясаткер
E)Батыр
11.Мәтіннің стилі қандай?
A)Ғылыми стиль
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ресми іс-қағаздар стилі
D)Көркем әдебиет стилі
E)Публицистикалық стиль
12.Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
C)Түрік қағанатын басқарғандықтан
D)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
E)Белх билеушісі болғандықтан

1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.


2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.
3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші арқылы сәлем айтады.
4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.
5.Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.
Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.
(441 сөз)
(«Әдеби жәдігерлер» кітабы)

13.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?


A)Ойды салыстырады
B)Ойды тұжырымдайды
C)Ойды қорытындылайды
D)Ойды дамытады
E)Ойды пайымдайды
14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
C)Кирдің жеңісін мақтан ету
D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау
E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
15.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
A)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
B)Кирді ұнатпағандықтан
C)Соғысқа дайын болғандықтан
D)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
E)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет