13. Байдың егініне сипаттама
A) Борышты өтеуге берілетін егін B) Желінбеген егін C) Көлікті жалға алып жыртатын егін
D) Тұқымы қарызға алынған егін E) Жалға алған жерге егілетін егін
14.Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі
A) Жігітті жақтырмағандықтан B) Қызын сақтандырғандықтан C) Жас жігіт болғандықтан
D) Қонақ қылғысы келмегендіктен E) Әңгімесін түсінбегендіктен
15. Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал
A) Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны қанайды B) Бала – артта қалған із, Бақыт – ұзатылған қыз
C) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады
D) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді E) Үйіңе келгенде, үйдей өкпенді айтпа
16. «Ащы еңбекке – тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі»
A) Екінші «кесапатты сөзі» B) Бірінші «кесапатты сөзі»
C) Төртінші «кесапатты сөзі» D) Барлық «кесапатты сөзі» E) Үшінші «кесапатты сөзі»
17. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай
A) Қызының ақылдылығы B) Жігіттің көңілділігі C) Қызының өтініші
D) Қазақтың қонақжайлылығы E) Шаһар жолының ұзақтығы
18. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні
A) Баласы жоқ адам екен B) Ауылдастары көп екен C) Туысы жоқ адам екен
D) Жора-жолдасы көп адам екен E) Артында тұяқ қалған адам
19. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс-әрекетіне қатысты нұсқа
A) Көңілсіз жұмыс – өнімсіз B) Жолаушыны жол сынайды C) Қысқа жіп күрмеуге келмейді
D) Сабақты ине сәтімен E) Жер тозса – тақыр, ер тозса – пақыр
20. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы
A) Тынығып, демалу B) Басқа жолмен жүру C) Бір-бірін арқалау
D) Бір-бірін қонақ ету E) Бір-бірімен әңгімелісу
Достарыңызбен бөлісу: |