Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет130/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
135 
25-НҰСҚА 
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. 
Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай 
алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. 
Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі 
тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы 
әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні 
болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін 
де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына 
қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде 
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің 
жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. 
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап 
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып 
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр 
дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз 
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол 
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен 
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. 
(174 сөз) 

Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы 


1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз 
A)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі 
B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі 
C)Қоңыр салқын самал желдің соғуы 
D)Құстардың сайраған үніне таңдануы 
E)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы 
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз. 
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын. 
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап 
қоя беретін 
A)Екеуі де дұрыс 
B)Дұрыс жауап жоқ 
C)Тек екіншісі 
D)Тек біріншісі 
E)Екеуі де бұрыс 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет