Оқу сауаттылығЫ


– Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда



Pdf көрінісі
бет146/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

– Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда 
режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?
2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. 
Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары 
көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. 
Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем 
басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы 
басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып 
шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған 


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
151 
сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате 
кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген 
жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға 
алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға 
бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық. 
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт 
кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино 
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте 
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге 
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. 
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр. 
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде 
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, 
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. 
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар 
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл 
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген 
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері 
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, 
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, 
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін 
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан 
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о 
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі 
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино 
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен 
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр 
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. 
13.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды: 
A)Барлығы 
B)Төртінші 
C)Бірінші 
D)Екінші 
E)Үшінші 
14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды? 
A)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін 
B)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін 
C)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін 
D)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін 
E)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін 
15.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады? 
A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер. 
B)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет