«Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру» пәнінің



бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі440,64 Kb.
#11735
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18.1.49/03-2014


.2014 жылғы

№ 1 басылым



25 беттің -шісі







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.49/03-2014

ПОӘК

«Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


2014 жылғы

№ 1 басылым



«Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру» пәнінің

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

4 курс

мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014
Мазмұны


1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

8

3

Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

16

4

Курстық жұмыс (жоба)

-

5

Студенттердің өздік жұмысы

20

9

Бақылау түрлері






  1. ГЛОССАРИЙ

Абулия – еріктің патологиялық кемістігі.

Адаптация (латын) – сезім мүшелерінің сырттан келетін тітіркендіргіштерге бейімделуі.

Акселерация (латын) – физикалық және психикалық даму процесінің тездетілуі.

Анализатор (грек) – түйсік тудыратын анатомиялық-физиологиялық аппарат.

Аксон (грек) – жүйке клеткаларының ұзын талшығы.

Амнезия (грек) – естің бұзылуы.

Аффект (латын) – «жан толқуы» жүйке жүйесінің ерекше қозуынан туындайтын күшті эмоция.

Аффектік мінез-құлық – төбелескіштік, қыңырлық, дөрекілік т.б. мінез-құлықтың өзге де қиын формалары. Бұл өз тобындағы құрдастарымен қарым-қатынастарға қанағаттанбаған балаларда пайда болады.

Атавистік рефлекс – іштен туа пайда болатын, өзінің бастапқы мәнін жойған рефлекс. Мысалы, жаңа туған балалардың жармасу немесе маймылдың рефлексін атауға болады.

Афазия (грек) – сөйлеудің бұзылуы.

Ақыл-ой сезімдері – ойлау іс-әрекетінен туатын сезімдер (таң қалу, әуестік, секемділік және шүбәлану сезімдері ).

Әрекет – белгі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бақылау – 1) психологияның негізгі әдістерінің бірі; 2) белгілі бір құбылыстар мен объектілердің бар екендігі мен өзгерістерін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын ойластырылған, жоспарлы, ұзақ қабылдау.

Бағдарлаушы рефлекс – төңіректегі жағдайдың жаңалығына жауап ретінде пайда болатын шартсыз рефлекс.

Баланың автономдық тілі – бала тілінің өзіне тән формасы. Мұнда заттардың аттары ретінде ана тілінде жоқ сөздерді пайдалаланады (мысалы, «ду-ду», «гу-гу», «қа-қа» т.б.). Тәрбие дұрыс болған жағдайда автономдық тіл тез жойылады.

Белгі – болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. Белгі адамның психикалық іс-әрекетінің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал. Әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет салу саналады.

Бейнелеу іс-әрекеті (қызметі) – супет салудың, жапсырудың, құраудың т.б. жалпы аты. Бейнелеу іс-әрекетінің жемісі – ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.

Былдыр сөз – негізінен жеке буындардан тұратын байланыссыз, түсініксіз сөйлеу. Бала тілі дамуының алғашқы кезеңі.

Балалардың рольдік қатынастары – ойын тақырыбына сәйкес балалардың ойынға айналдыратын қарым-қатынастары.

Бихевиоризм – психология ғылымында 20 ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды.

Генетикалық әдіс – генетика- шығу тегі «төркін» дегенді білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпмихология – Германияда 20 ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді өолдай отырып, сананың алғащқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Генотип (грек) – жүйке қызметінің тумыстан берілетін типі.

Госпитализм – жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс. Үлкендермен қарым-қатынастың аздығынан балалардың дамып жетілуі күрт артта қала бастайды.

Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.

Детерменизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.

Дендрит (грек) – жүйке клеткасының қысқа талшығы.

Динамикалық сереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

Жоғары жүйке қызметінің типі – жүйке жүйесінің комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.

Жеке дара даму - өмір мен іс-әрекет процесінде әрбір адамның дамуы (онтогенез).

Инстинкт (соқыр сезім) – 1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

Интеллект (латын) – жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда болатын ақыл-ой қабілеті.

Индивид - әлеуметтік қарым-қатынас объектісі және саналы әрекет етуші.

Индивидуалдылық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

Интроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

Инфантализм (латын) – ересек адамның жан дүниесінен байқалатын балалық қылық.

Иланғыштық – иландыратын нәрсені ұғынбастан қабылдаумен сипатталатын ықпалға бағыну.

Қажеттілік – адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты.

Қозғыштық - әсерленгіштік. Сезітнің тез қозып, тез әсерленуі.

Қоғамдық тәжірибе – адам баласының тарихи дамуында материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қалыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі.

Қашықтық талдауыштары (анализаторлары) – рецепторлары зат іс-әрекетінің тікелей ықпалдарына шалынатын талдауыштар. Бұған есіту және көру талдауыштары (анализаторлары) жатады.

Қорғаныш рефлексі – шартсыз қорғану рефлексі.

Қыңырлық – ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегенінде тұрып алуға тырысудан көрінетін жағымсыз қылық. Қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.

Құрал амалдары – құралдың бір заттың басқа заттарға әсер тигізушісі болып қолданылатын амалдар.

Мотив (грек) – адамның қажетін қанағаттандыру үшін іс-әрекетке итермелейтін түрткі.

Мнемоника (грек) – жасанды жаттау тәсілдері.

Мимика (грек) – беттің мәнерлі қимыл-қозғалыстары.

Мектепке дейінгі шақ – психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейнгі жас аралығына сәйкес келеді.

Мәнерлі – адамның мінез-құлқының ерекшелігі.

Моральдық (адамгершілік) сезімдер – жоғары сезімдер.

Мойындамау – не болса, соның бәрін керісінше жасауға тырысу, наразылық білдіру. Баланың мінез-құлқында мойындамаудың түрлерін ажыратады: 1) енжар мойындамау – үлкеннің айтқанын орындауды тілемеу, қыңырлық көрсету; 2) белсенді мойындамау – баланы талап етілген нәрсеге қарама-қарсы іс-әрекет етуі.

Ниет – қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады.

Нышандар – қабілеттліктер дамуының табиғи жағдайлары түрінде көрінетін организмнің іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері (нерв жүйесінің типі, рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т.б.).

Нәрестелік шақ – баланың дүниеге келгенінен бастап бір жасқа дейінгі психикалық даму стадиясы.

Онтогненез – жұмыртқаның ұрықтану сатысынан жеке өмірдің бітуіне дейінгі организмнің дамуы. «Онтогенез» ұғымы психологияда тәрбиелеу мен оқытудың жағдайларына байланысты бала психикасында болатын өзгерістерді көрсету үшін қолданылады.

Ойын іс-әрекеті (қызметі) – негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің басты түрі.

Ойлау – объективтік болмысты жалпыланған, жанама жолмен бейнелеудің белсенді процесі. Адамның дамыған ойы оның іс-жүзіндегі жеке тәжірибесінің және адамзаттың оған берген мәдениетінің жанама нәтижесі.

Оқыту – оқушыға (үйретілетін балаға) белгілі білімді, дағдыларды, іскерліктерді беру жолындағы мақсатқа бағыттап және жүйелі ықпал жасау.

Психика дамуының қозғаушы күші – психиканың мән-жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы. Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу мәселесі болып табылады.

Проблемді ситуация – күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжрибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның (шешімін) табуға әрекеттенеді. Мысалы, маймыл іліп қойған алманы (құрал) қолданып алып жейді.

Перцептивті әсер – қабылдау процесіне қатысты әсерлену түрлері (перцепция - қабылдау). П.ә. психологиялық тұрғыдан анықтағанда – объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі.

Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізі алуы.

Рефлекс – сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Реакция – ішкі және сыртқы ортаның кез келген әсеріне организмнің қайтаратын біртұтас жауабы.

Рольдік ойын – мектеп жасына дейінгі балалар ойнының түрі. Рольдік ойында бала ойын тақырыбына сәйкес (өзін) біреудің орнына қояды.

Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі. Сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды.

Синтагма – лингивистикалық термин. Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анықталушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен іздестіреді.

Семантика – сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасоилогия деп те атала береді.

Сөздік – мағыналық ойлау – ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік – мағыналық ойлауда белгілі ұғым түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжрибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқылы анықталады.

Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіпгіштердің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесінде сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер. Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады.

Статус (латын) – тұлғаның топ ішіндегі құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым.

Сөздің байланыс функциясы – араласу функциясы. Әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету.

Сәбилік шақ – психикалық даму стадиясы, бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңге сәйкес келеді.

Сөйлеу іс-әрекеті – адамның тілді қатынас жолы және ойлау құралы ретінде пайдалану процесі.

Сензитивтік кезең – психиканың белгілі бір жағының ең тиімді дамуындағы аса жоғары мүмкіндіктер кезеңі. Мысалы, тіл дамуының бір жарым жастан үш жасқа дейінгі сензитивтік кезеңі.

Сенсорика – сезімдік таным элементтерінің: түйсінулердің, қабылдаулардың, түсініктердің жиынтығы.

Сенсорлық эталондар үлгілер – заттар әлемі қасиетінің әр түрінің негізгі айырмашылық белгілері жөнінде адамзат мәдениетінде қалыптасқан түсініктер (түстер, формалар, заттардың шамасы, дыбыстардың жоғарылығы т.б.).

Синкретизм – бір нәрсенің дамымаған күйі: ажырамағандық, біріккендік.

Стресс (ағылш) – ерекше жағдайлардың әсерінен адам организімінің титықтауы, дәрменсізденуі.

Темперамент – жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. Адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар холерик, флегматик, спнгвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі сен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпераменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екенін ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог И.П.Павлов.

Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі бір нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. «Тест» - ағылшын сөзі, мағынасы «сынақ» дегенді білдіреді.

Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі – жора жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқытудан ажыратылмайды, бірақ оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.

Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.

Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.

Тиянақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісі; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісі.

Түсіндіріп сөйлеу – заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру – тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.

Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.

Ұғым – заттар мен құылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйнсінен құралады. Кез – келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық – сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл – ой арқылы тез қабылдап, олардың мән – мағынасын жете түсіну қабілеті.

Ұжым – қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүддесінің бірыңғай болуында.

Үйлесім, сыйымдылық. Бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлеу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді – кесінді сипатта болады. Қарым – қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қоланылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс - әрекетін реттейді.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейдтің атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез – құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тірішілігіндегі биологиялық процесс болса, ал психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік факторлармен де айқындалатыны ескерілмейді.

Фенотип ( грек ) - өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.

Филогенез ( грек ) – тірішіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.

Фрустрация ( латын ) – босқа әлек болу, жолы болмау.

Эгоцетрлік сөйлеу – сөйлеудің бұл түрін психологияда баланың автономды ( өзіндік ) сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз ( іштей ) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі ( өткел ) деп санауға болады.

Электроэнцефалограмма ( ЭЭГ) – мидағы биоэлетрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін анықтайды.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй – жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай – күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм ( франц ) – жеке басы мүддесін басқалардан, қоғамның мүддесінен жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм ( латын ) - өзімшілдік мен менменсінудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм ( грек ) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория ( грек ) – шындыққа сәйкес келмейтін көңіл күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.


  1. ДӘРІСТЕР


Тақырыбы: Дидактика туралы жалпы түсінік. Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері. 2с.

Мақсаты: Дидактика туралы жалпы ұғым беру, мектепке дейінгі педагогиканың бір бөлігі ретінде. Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.

Жоспар:

1.Мектепке дейінгі дидактика туралы жалпы түсінік.

2. Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мектепке дейінгі дидактика туралы жалпы түсінік.

Оқыту жалпықоғамдық жағдайда мектепке дейінгі тәрбиелеуде қазіргі уақытта ақыл-ой тәрбиесіне тәрбиелеуде негізгі фактор болып табылады. Соған байланысты мектепке дейінгі дидактиканы оқып білу маңызды орын алады.



Мектепке дейінгі дидактика бабалбақшада білім беру, сенсорлық және ақыл-ой тәрбиесін қарастырады. Бұл ғылымның түрлі қалыптасу кезеңдерінде негізгі міндеті, мазмұны жалпықоғамның даму талаптарымен байланысты. Мектепке дейінгі дидактиканың дамуының басты кезеңі 50-ж.ж. А.П.Усованың сабақта оқытудың жаңа принциптері, мектепке дейінгі білім беру жұмыстарының барлығына бірдей концепциясының талдануы болып саналады. Мектепке дейінгілерді оқыту, жалпы баланың даму заңдылықтарымен байланысты шешілді. Балабақшада оқытудың негізгі міндеті - жан-жақты ақыл-ой қабілеттерін дамыту болып саналды. А.П.Усованың жетекшілігімен ғылыми негізде оқытудың мазмұны, сонымен қатар балаларды сабақта оқытудың әдістерімен формалары ұйымдастырылды.

А.П.Усова көбінесе бағдарламамен жұмыс істеуге көп көңіл аударды. Ол тікелей бағытталған тәрбиелеу мен оқыту тек бағдарламамен оқыту жолымен жүзеге асатындығын көрсетті. Оның жетекшілігімен балабақшаның бағдарламасын құрудың принциптері талданды. Білім беру жұмысына көп көңіл бөле отырып, Усова білім беру жұмысынан жалпы тәрбиелеу бағдарламасын бөліп шығарды. Білім беру бағдарламасында (екі жақты білім категориясының тепе-теңдігі ережелерге сәйкес) екі бөлігін көрсетті. Бірінші – білім және біліктілік мазмұнын балалар күнделікті өмірде үлкендермен тұрмыстық қарым-қатынаста және ойындарда игеру керек. Екінші – мазмұны жағынан күрделі білім және біліктілікті, тек оқыту процесі барысында сабақта игереді.

Дидактикалық ережелердің талдануы және оқытуда сабақтардың енгізілуі балабақшада тәжірибеде, мектепке дейінгі тәрбиелеудің әдістемесін талдауға әсерін тигізді.

Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері.

Ерте сәбилер және мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық дамулары:


  • Жалпы танымдық мотивацияның қалыптасуы және нығаюы, оқу мотивациясының қалыптасуына негіз болады.

  • Қоршаған өмір жайлы және қосымша ақпараттарды іздеуге, өз алдына зерттеу мақсатын қою біліктілігін қалыптастыруСөйлеудің дамуы ақпаратты жеткізу құралы ретінде және ойлауды жетілдіру;

  • Қабылдаудың дамуы.

Баланың танымдық процесінің дамуы оның ой-өрісінің кеңеюіне әкеледі, қоршаған өмір заттары туралы ақпараттанады, тірі табиғат туралы, адамдар, кеңістік және уақыт туралы, ойлау мен сөйлеуі дамиды, индивидуалды қызығушылығы қалыптасады

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.

  1. Оқыту дегеніміз не?

  2. Мектепке дейінгі дидактика дегеніміз не?

  3. Мектепке дейінгі дидактиканың негізгі даму кезеңдері?

  4. Мектеп дейінгі жастағылардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

  1. Жумабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 г.

  2. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Дошкольная педагогика. Алматы, Мектеп, 1982 г.

  3. Основы дошкольной педагогики./Под ред. Запорожца Л., Маркова
    Т.А. -М.: Педагогика, 1980

  4. Козлова С.Л., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика. М.
    Издательский центр Академия, 2002 г.

  5. Гризик Т. Программа «Радуга»: методологические основы познавательного развития детей.// Журнал «Дошкольное воспитание» №10, 1998.


Тақырыбы: Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері. 2с.

Мақсаты: Мектепке дейінгілерді оқыту әрекетінің психологиялық негізін ашып көрсету. Оның құрылысын талдау. Балалардың оқу-танымдық индивидуалды біліктілік білімдерін жүйелеу.

Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу әрекетінің психологиялық негізі. Оқу әрекетінің құрылысы.

  2. Индивидуалды оқу-танымдық біліктілігі.

3.Білім жүйесінің сұрақтары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет