ОҚу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны енгізу жаскиленова а. Е- тармпи доценті, Тараз қаласы дулат а. Ш- тармпи студенті, Тараз қаласы



Дата01.04.2017
өлшемі118,36 Kb.
#12918
ӘОЖ 378. 001: 8

Ж 33


ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ
ЖАСКИЛЕНОВА А.Е- ТарМПИ доценті, Тараз қаласы

ДУЛАТ А.Ш- ТарМПИ студенті, Тараз қаласы

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Сондықтан XXI ғасыр оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі мемлекетімізде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Себебі, біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан- жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз.

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басына, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал ету болып табылады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қасиетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – әр пән мұғалімінің міндеті.

Білімге деген ынталылық пен танымдық қабілетін дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Соңғы кезде оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін арттыру бағытында ғалымдар көп еңбектер жазып, әртүрлі көзқарастар айтылуда. Ғалымдар пәнге танымдық қызығудың үш шарты бар деп көрсетеді:


  1. Мазмұнның жаңартылуы.

  2. Өз бетінше жұмыс істеудің әр қилы түрлеріне негізделген

оқушының шығармашылық, зерттеушілік, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.

  1. Оқушының қабілетін ұштау.

Осы үш шартты орындау әр мұғалімнің пәнге оқушылардың қызығушылығын арттыруына себеп болмақ.

Ғалым Е.Ө.Жұматаеваның пікірінше дәстүрлі оқыту жүйесінің негізгі кемшіліктері:

− пікірдің қажеті жоқ, оған уақыт кетеді.

− күрделі оқу материалын мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруі.

− фактілерге жүгініп, білімді жинақтап қабылдауға мән берілмейді.

Қазіргі кезенде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрену және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Технология және педагогикалық (оқыту) технология ұғымдарына ғалымдар түрлі ғылыми түсініктер береді, соларға тоқталып өтсек.
«Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесінұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі» (Монахов В.М.).
«Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді» (Кларин М.В.).
Ал модульдік технология ұғымына келсек, технология дегеніміз tehne - шеберлік, өнер, ал logos – білім, ғылым деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Сонда нақтырақ айтсақ шеберлік пен білім беру деген түсінікті береді

Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге жетуге тікелей әсер етеді. Соңғы он жылдықта оқу – тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Соның бірі, он екі жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі – қоғамдағы өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. 

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

•    оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

•    өз беттерімен білім ала білуі;

•    білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

•    оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

•    білім мазмұнындағы инновация;

•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. 

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;

-    модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. 

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.

Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

•    иновацияның себептері;

•    жаңалықты жобалау;

•    жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

•   мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

•   бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

•    әлеуметтік-экономикалық жағдай;

•   инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Ынтымақтастық педагогикасы

Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.

Оған керекті жағдайлар:

- мақсаттың бір екенін анық сезіну;

- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;

- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і. 

Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.

Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.

Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:

- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;

- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін •(дамытатын

жұмыстар беру;

- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;

- тірек идеясы;

- жаңарту идеясы;

- озу идеясы;
Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы

- жаңа мектеп;

- тұлғаны дамыту идеясы.

Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.


Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді.

Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.



Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан  мектебі" №6, 2003.

  2. Границкая А.С. Научить  думать  и  действовать.   Адаптивная система обучения в школе. Просвещение, 1991.

  3. Дамитов   Б.К.,   Фредман  Л.М.   Физические задачи   и  методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987.

  4. Пидкасистый   П.И.   Самостоятельная   деятельность школьника в  обучении. Москва, 1980.

  5. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті. - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.

  6. Асанов Н. Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері. – Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2004.

  7. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу құралы). - Алматы, РБК, 1995.

  8. Информатизация системы образования. - Астана, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет