Шұғыл психиатриялық көмек науқастың өзі мен оның айналасындағылардың өмірі үшін қауіптілігімен бірге жүретін өте жедел психоздар кезінде емдеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мамандандырылған бригадалардан бөлек «жедел жәрдем» шұғыл емдік шаралар ірі психиатриялық және наркологиялық ауруханалардың интенсивті терапия бөлімдерінде көрсетіледі.
Реабилитация және әлеуметтік көмек көрсету мекемелеріне бірінші кезекте психикалық науқастарға арналған жатақханалар мен арнайы мүгедектер үйлерін жатқызады. Мұндай мекемелерде тек қорғансыз қалған науқастар ғана емес, туыстары қамтамасыз ете алмайтын үнемі бақылау мен күтімді қажет ететін науқастар да өмір сүреді. Заң психикалық және кемақылдықпен науқастар үшін қол жетерлік білім алу құқығына кепілдік береді. Бұл құқықтарын қамтамасыз ету үшін арнайы бала бақшалар, мектептер және ПТУ бар. Осынай мекемелердегі басты жүктеме арнайы квалификациясы бар педагогтардың мойнында.
2.3 Психиатриялық сараптаманың негізгі түрлері
Психиатриялық сараптаманың негізгі түрлері: еңбектік, әскери және соттық. Еңбекке жарамсыздық сараптамасы уақытша немесе тұрақты еңбекке жарамсыздықты (мүгедектікті) анықтау үшін жүргізіледі. Қысқа мерзімдік (1 ай деңгейінде) психикалық бұзылыстарға байланысты жұмыстан босатуды ПНД-ң дәрігері тәуелсіз рәсімдей алады. Ауруханалық анықтама уақытын ұзарту немесе арнайы МӘСК-Па мүгедектік тобын анықтау үшін науқасты жолдау жөніндегі мәселені ай сайын БСК шешеді.
Көптеген психикалық аурулар қызығушылықтардың және белсенділіктің төмендеуімен көрініс береді, осының нәтижесінде олар еңбектен босату және зейнетақы мәселелеріне немқұрайлы қарайды. Осы жағдай науқастың жұмысқа оралуына үміт болған жағдайда мүгедекті тағайындауға психиатрларды асықпауға мәжбүрлейді.
Тұрақты енбекке қабілетсіздікті анықтау кезінде МӘСК топтар жүйесіне сәйкес ауырлықтарын анықтайды.
І топ енбекке толықтай қабілетсіздікті ғана емес, сонымен қатар өзге адамдардың бақылауы мен күтіміне мұқтаждығын білдіретін аса ауыр бұзылыстар.
II топ енбекке қабілетсіздіктің орташа дәрежесі, әдеттегі жағдайларда кез-келген еңбек түріне қабілетсіздікті білдіреді; бұл кезде науқас өздігімен өмір сүруге қабілетті.
III топ - квалификациясының төмендеуі, қызметінде продуктивтілігінің азаюы, алған мамандығынан бас тарту жағдайларында қызмет етуге мүмкіндік беретін жеңіл бұзылыстарға сәйкес келеді.
МӘСК құрамына психиатрмен қатар невропатолог пен терапевт кіреді. Бұл тек психикалық бұзылыстарды анықтап қоймай, науқас ағзасының негізгі функцияларының бұзылыстарының айқындылығын және де өмірлік қызметі мен қабілеттерінің шектелу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда тұрақты еңбекке жарамсыздық тағайындалғанда жыл сайын пациент қайта куәландырылады. Мерзімсіз мүгедектік бұзылыс сипаты қайтымсыз болып табылғанда және науқастың жағдайы келешекте тәуірленетініне үміт болмағанда тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |