Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019


-тапсырма А тал ған төрт мә селе бойынша қандай шешім  ұсына алатыныңды ойлап көр. 5-тапсырма



Pdf көрінісі
бет38/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

4-тапсырма
А тал ған төрт мә селе бойынша қандай шешім 
ұсына алатыныңды ойлап көр.
5-тапсырма
Қалай ойлайсыз, Арслан дегеніне жетіп тоқтады 
ма? Ол қа зір гі уақытта өз биз нес ін дамыту үшін 
не істеді?
Подготовка к 
сдаче экзамена
IELTS
30
1
-бөлім. 
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік


Енді Rocket Study келесі прототип кезеңіне өтті. 
Егер біріншісінде Арслан оқушыларды іздеуден 
бастап сабақ беруге дейін бәрін өзі істесе, екінші 
кезеңде оның басқа оқы тушы ларды тарту үшін, 
менеджерді жалдау үшін қосымша ресурстары 
пайда болды, олар келген қоңырауларға жауап 
беріп, клиент терге кеңес бере бастады, сондай-
ақ интернет пен әлеу мет тік желі арқылы жаңа 
клиент терді іздеу әрі тартумен айналыса бастады.
Арслан қол жеткізген жетістігінде тоқтаса да 
болар еді. Бірақ ол өз өнімі нің қаншалықты қажет 
екенін және оның мектебінде орын жетіспегендіктен 
оқи алмайтын адамдардың әлі де көп екенін түсінді.
Осыдан кейін Арслан тағы бір ғимаратты 
жалға алып, жаңа мектепті ашты. Өз биз нес ін 
кеңейтуді жалғастырып, Арслан сұраныс пайда 
болған сайын жаңа мектептер ашып отырды. Қа-
зір Нұр-Сұлтанда 3000-нан астам адам оқыған 
тоғыз Rocket Study мектебі жұ мыс істейді. Жалпы 
мектептерде 20-дан астам оқы тушы жұ мыс істей-
ді.
Биз нес  — тірі ағза секілді. Өсу тоқтаған кез­
де регресс болады.
 Егер сіз тауға шыққанда бір 
орында тоқтап тұрсаңыз, жоғары көтерілмейсіз 
және сіз бір орында тұра берсе ңіз , сізді қуып 
жетіп, асып өте тін біреу болады.
Тіпті қа зір дің өзінде Арсланның өсуге мүм кін дігі 
бар. Ол Нұр-Сұлтанда 15 мектеп ашуды, содан кейін 
Rocket Study оқу орталығын басқа қалаларда, мы-
салы Алматы мен Қарағандыда іске қосуды жоспар-
лап отыр. Ол бір ай ішінде тіл оқыту мектебін ашу 
бойынша нұсқаулық әзірледі. Оны пайдалана оты-
рып, кез келген адам өзі нің биз нес ін 4 апта ішінде 
аша алады. Соның нә тиже сінде Rocket Study желісі-
мен франшиза бойынша жұ мыс істей тін мектептер 
пайда болды (яғни оларды Арслан емес, Rocket 
Study атауы мен моделін пайдаланған басқа биз-
нес мен (франчайзи) ашты, ал Арсланға өз мектебі-
нің та быс ынан ай сайынғы пайыз (роялти) төлейді).
Сонымен қатар, Rocket Study орталығының 
оқу жоспары мен жұ мыс әдістемесі жазылған 
өзі нің  IT-платформасын  әзірлейді.  Оқы тушы лар 
үшін өз дағды ла ры н үздіксіз жақсартуға мүм кін-
дік бере тін жүйе жұ мыс істейді. Платформаның 
арқасында оқушылар өздері нің оқу жетістігін, 
сондай-ақ оқы 
тушы статистикасын қадағалай 
алады. Сондай-ақ сабаққа қатысу абонемен тін 
енгізу жоспарланып отыр: 15-30 000 теңге төлеп, 
оқушы сабаққа қатысу жиілігін өзі реттей алады. 
Ол үшін бағдарламаға 25 минуттық воркшоптар 
енгізіледі, онда белгілі бір тақырып ашылатын 
болады. Осылайша, оқушылар алдыңғы сабақта 
қатысқан немесе қатыспағанына қарамастан 
бірден оқу үдерісіне кірісе алады әрі олар ұзақ 
сабақтардан шаршамайды. Оған қоса, олар өздері 
біле тін сабаққа қатыспай, нақты өзіне қызықты 
деген тақырыптарына қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет