Топқа бөлу
Ынталандыру.Болжау
Кіріспе тапсырма.
Зерттеу жұмысы
Математикада « = » белгісі мәні бірдей
өрнектердің немесе сандардың арасында
қойылады. Тең белгісінің сызылып тастаған үлгісі
« ≠ » мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде
қолданылады.
Үлгі.Тақтада көрсету
Практикалық жұмыс.
Теңсіздіктерді фостерге орындайды.
Кері байланыс
Сергіту сәті
Оқушыларды тірек сөздерді есте сақтауға
жаттықтыру үшін, ойын.
Дәптермен жұмыс
|
Тақтада карточкалар ілініп тұрады. Оқушылар барлығы алу керек.Карточкада суреттер салынған. Суретке сәйкес топқа бөлінеді.Пирамида,Бәйтерек,Ханшатыр,Думан-топтарға бөлңініп отырады.
Балалар мына зат не үшін керек деп ойлайсыңдар? (Таразыны көрсету).
Зерттеу жұмысына қатысамыз. Осы мақсатта табақшалы
таразы мен монеталарды пайдаланамын. Массалары
тең болуы үшін, монеталар номиналдық құны
жағынан бірдей болуы шарт.
Т.-Таразының әр табақшасына үш монетадан салыңдар.
– Таразы қандай жағдайда тұр?
– Оны қалай жазуға болады?
Тепе-теңдік математикада «теңдік» деп аталады.
Теңдікті жазу үшін арнайы мынадай « = » (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде жазылады да, оқуда «үш тең үш» деп оқылады.
Т.-Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңдар.
таразының екінші табақшасына бес монета
салыңдар.
– Сендер не байқадыңдар?
– Таразы басы тең бе?
– Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?
– Осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады?Қалай ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын
жағдайды математикада «теңсіздік» деп атайтынын
хабарлау. Теңсіздікті жазу үшін «≠» (тең емес)
белгісі пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады:
3 ≠ 5 және «3 тең емес 5-ке» деп оқылады
3 = 3 3 ≠ 5
Топ басшылары тапсырма жазылған парақтарды алады.
Топ..Қораптағы кәмпиттер санын салыстыр. Теңдік, теңсіздік құрастыр.
-Әр қораптағы кәмпиттер санын салыстырыңдар.
Яғни, тең жағдайда ма, әлде теңсіз жағдайда ма? Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыру керек.
Жауабы:
5 ≠7; 5= 5
Топ. Ойыншық ыдыстардан теңдік және теңсіздік құрастыр.Теңдік пе, әлде теңсіздік пе?
Жауабы:
а) 5 = 5;
б) 6 ≠ 9.
Топ.Шығарып көр.Жұмсақ ойыншықтардантеңдік және теңсіздік құрастыр.
10 ойыншықты екі қорапқа қандай әдіспен тең бөлуге болатынын талқылып алыңдар. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет ойыншықтарды теңсіздіктер шығатындай орналастыру керек.
Оқушылар жауабының нұсқасын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған «теңдіктер», екінші баған «теңсіздіктер» болады. Талдау барысында қай топтың теңсіздік мен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.
Жауабы:
Теңсіздіктер Теңдіктер
1 ≠ 10; 5= 5.
2 ≠ 9;
3 ≠ 8;
4 ≠ 7;
5 ≠ 6.
Жұп.Жемістерден (муляждар) теңдік құрастыр және теңсіздік құрастыр. Оны жазып көрсет.
Әр топтан бір спикерден шығып жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетіп қорғау.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
«Теңдіктер!» деген бұйрық бойынша, оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. «Теңсіздіктер!» деген бұйрық бойынша, оқушылар топтарда саны жағынан әртүрлі болып бөлінуі керек.
Өзін.Cуреттерден теңдіктерді тап.
Берілген суреттерден тек теңдіктер бола алатын суреттерді ғана таңдап алу. Ол үшін суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояу керек. Теңдік болатын суреттің жанына сандарды пайдаланып, теңдіктер жазу керек.
Жауабы:
а) теңдік 2 = 2;
б) теңсіздік;
в) теңдік 4 = 4.
Өзін.Теңдік пен теңсіздіктегі белгілерді қой.
а) және б) көлемді фигуралар тобының жұптарынсалыстыру көзделеді. Олардың арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою керек. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады.
а) 8 = 8;
б) 5 ≠ 6;
|
Әр топта "Пирамида,Бәйтерек
,Ханшатыр,Думан"
суреттері салынған белгілер;
әрбір топтың оқушыларына:
• табақшалы таразылар;
• түймелер жиынтығы, жетондар немесе массасы
бірдей монеталар;
• ойыншықтар
• конфеттер
• массасы бірдей көкөніс муляждары;
• Постер
• әрбір оқушыға арналған маркерлер.
Ламинатталған парақтар
А4- қағазына жазылған тапсырмалар
|
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?
Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
|
Оқушылар ламинатталған параққа жазып көрсетеді.
– Теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (=)
– Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?(≠)
– Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз.
(теңсіздік: 3 ≠4)
– Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.
Берілген деректерге сүйеніп, теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (теңдік: 5 = 5)
«Жетістік баспалдағы» бойынша оқушылар өзін-өзі бағалау
|
Пәнаралық байланыстар
|