Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар



бет178/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар. Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметтеріне кірісер кезде олардың бәрі де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Біріншіден, шектен тыс әділетсіздігі немесе өзіне қолайлы белгілі бір кандидаттың сайлануына мүдделі екені белгілі болған әкімшілік өкілдері қызметінен аластатылуы тиіс делінді. Екіншіден, әкімшіліктің ондай аласталған өкілдері уездің мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиіс болды. Үшіншіден, өздерінің жағымсыз қылықтары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жібермеу талап етілді. Сондай-ақ қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға сайлануы да талап етіп қойылды.

  • Діни мәселелер. Қазақтар петицияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар барысында енгізілген Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ қазақтар мешіттер мен медреселер салуына еркіндік берілуін, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Қазақ даласында мешіттер санын арттыруды, діни сауат ашу ісін дұрыс жолға қоюды өтінді. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.

    Петицияларда әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   251




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет