Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Болыс - әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі. Дистанция -



бет62/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Болыс - әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.
Дистанция - Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік бірлік.
Керуен - алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі.
Баж салығы - мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.
Жарғы - белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Эссен Петр Кириллович (1772-1844) - Орынбордың әскери губернаторы (1817-1829).



«Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша, қазақ даласына татарлардан агенттер (өкілдер. - авт.) жіберді. Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, көміл сенуін қамтамасыз етуге тиісті еді. Округтерді ашуға Қытай үкіметінің наразылығы көп кедергі келтірді. Содан кейін көп ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды талқандап, қазақтар Жоңғария жерінің бір бөлігіне орналасып алды. Қытай боғдыханы Цзянь Лунь қазақтардың жоңғарлар жеріне орналасуына рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекітіп берді. Бірақ ол үшін қазақтардың Қытай үкіметіне жасақ (салық) төлеп тұруы тиіс екені ескертілді, қазақтардың Пекинге депутация (елшілер тобын. - авт.) жіберуіне рұқсат етілді...
Жаңа округтердің ашылуына қазақтардың жерге таласып, өзара алауыз болуы өте-мөте көмектесті. Олардың өзара дүрдараздығын Сібір әкімшілігі жалма-жан пайдалана қойды - округтер құруды қолдағандарға жәрдемін аямады. Өздерінің даулы болып жүрген мал жайылымдарын сақтап қалуды, тіпті жаңа жерлер қосып алуды көксеген қазақтардың ынта-ықыласының күштілігі оларды жаңа округтердің ашылуына келісім беруге итермелеген ең басты себеп қана болып қойған жоқ, тіпті сонымен қатар ондай округтердің ашылуына өтініш жасауға да түрткі болды. Орыс империясының қол астына өтуді қазақтардың қабыл алуына олардың арасындағы жер дауы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі болыстардағы сұлтандар арасындағы билік үшін жанталасқан алауыздықтар да ықпал етті».
Коншин Н. Павлодардан Қарқаралыға дейін//Қазақ этнографиясы бойынша жазылған еңбектер. Павлодар, 2005, 89-92-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет