Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет106/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Қажымұқан және цирк өнері. Ол күреспен қатар цирктерде де өнер көрсетумен де айналысты. Мәселен, ол күш өнерін көрсетіп, жуан темір білікті еш қиындықсыз майыстырған. Өзінің денесінен жүк машинасын өткізген. Кеудесіне үлкен және ауыр тасты қойып, балғамен соғып ұсақтатқан.

Парижде өзінің қайталанбас, ғажайып өнерін көрсеткен: бір ғана соққымен түйені шөктірген. Шөккен түйені жалпақ қайыс белдікпен иығына салып алып, аренадан шығып кеткен. Таңғалған көрермендер ду қол шапалақтап, өз ризашылықтарын білдірген. Париж көрермендерінің ерекше ықыласына бөленген келесі бір өнері былай орындалған: Қажымұқан 75 пұттық арбаға белдік байлап, оның бір ұшын тісімен тартып сүйреген. Қоянды жәрмеңкесінде де таңғажайып цирк өнерін көрсеткен.

  1. Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқы тарихындағы алар орны. Даңқты балуан өзі жайлы тамаша естеліктер қалдырды. Қажымұқан Ақмола өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналды. Ол француз және еркін күрестерден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Ресейде оны «Қара Иван» деп атаған. Ол бірде Ягомата Муханура, енді бірде Қара Мұстафа, Махмұт т.б. есімдермен күресіп жүрді. Ол қатысатын спорттық жарыстардың бәрі үлкен сәттілікпен өтетін. Күрестің классикалық және еркін түрімен бірдей күресетін.
Қажымұқан Алаш зиялыларының құрметіне бөленді, өзі де олармен тығыз араласып тұрды.
Ол өзінің спорттық жолында 48 медаль алған. 1927 жылы оған ҚазАКСР ОАК Президиумы «Қазақ даласының батыры» атағын берді.
Қажымұқан өз Отанының ұлтжанды, парасатты азаматы еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның және Ресейдің шекаралас облыстары аумағында егде жасына қарамастан ел аралап күш өнерін көрсетті.
1944 жылы жинаған 100 мың сомды әскери ұшақ жасату үшін КСРО қорғаныс қорына аударды. Қазақ балуаны әскери ұшақты Ленинградты қорғаушы ұшқыштардың біріне тапсыруды өтінді. Қазақ батырының өтініші қабыл алынып, ұшақ ержүрек ұшқыш Қ. Шалабаевқа берілді. Әскери ұшқыш Қ. Шалабаевқа ұшақты тапсырып тұрып, қазақтың даңқты батыры мына батасын берді: «Көк жүзінде қырандай қалықтап, фашистерге аяусыз соққы бер!»
Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан елді мекенінде әйгілі балуанның мұражайы ашылды. Балуанның тұтынған жеке бұйымдарының бірқатары бүгінде Омбы облысында тұратын ұрпақтарының қолында сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет