Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Екіншіден, Ішкі Ордада жер учаскесін жекеменшікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде мұндай тәртіп атымен жоқ еді. Үшіншіден



бет51/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Екіншіден, Ішкі Ордада жер учаскесін жекеменшікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде мұндай тәртіп атымен жоқ еді.
Үшіншіден, Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті. Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады. Төртіншіден, жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті. Бесіншіден, Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіден айырмашылығы - онда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді.
Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Қол астындағы адамдар өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне ханның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал мен мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.

  1. Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі. Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу, өлкеде ислам дінін дамыту саласында қыруар жұмыстар атқарды. 1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мешіт ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай құлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті. Ресейдің зерттеуші ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда, «хан бірде-бір рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып тұрған, рамазан айындағы ораза кезінде онда таң атқанша болып жүрген». Ол өз қаражатына діни кітаптар басып шығартты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет