Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Омыртқасыздардың негізгі типтері



Pdf көрінісі
бет50/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
Омыртқасыздардың негізгі типтері.
 Жануарлар патшалығының ең 
қарапайым  өкілдері  –  біржасушалылар.  Олар 
қарапайымдар  типін
 
құрайды. Жасушалары бір-бірінен аз айырмашылық жасайтын алғашқы 
нағыз көпжасушалы жануарлар 
губкалар типіне
 жатады. Олар мұхитта 
тіршілік етіп, судан сүзіп алған ұсақ жәндіктермен енжар қоректенеді. 
Омыртқасыз жануарлар эволюциясының келесі кезеңі 
ішекқуыстылар 
типінен
 тұрады (30-сурет). Ішекқуыстыларда екі қабат қалыптасып, 
жасушаларының бір-бірінен қатты айырмашылықтары болады. Олар 
энтодерма және эктодерма деп аталады. Ішекқуыстыларға маржандар, 
медузалара, саңырауқұлақтар жатады. 
Жан Батист 
 
Ламарк
(1744–1829)


44
Эволюциядағы  келесі  қадам  –  жасушалардың  үш  қабатынан 
тұратын және бұлшық ет жүйесі бар жануарлардың пайда болуы. Ең 
бірінші пайда болған мұндай жануарлар – 
жалпақ құрттар
. Оларды 
оңай ажыратуға болады, себебі олардың денелері үстінен астына қарай 
жаншылған сияқты, сондықтан жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ 
құрттардан кейін едәуір жетілген 
жұмыр құрттар типі
 пайда болды. 
Бұл  жа нуарларда  ішінде  алғаш  рет  ішкі  мүшелері  орналасқан  дене 
қуысы  пайда  болды.  Бұл  қуыс  қысым  арқылы  сұйықтыққа  толы, 
сондықтан мұндай құрттар денесінің көлденең қимасы дөңгелек болып 
көрінеді. 
Әрі қарай омыртқасыздар эволюциясында 
буылтық құрттар типі
 
пайда болды. Бұл тип өкілдерін оңай ажыратуға болады, себебі олардың 
денесі  жеке  буылтықтарға  –  сегменттерге  бөлінген 
сияқты. Оларға шұбалшаң, сүлік сияқты жануарлар жа-
тады. Бұл омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі. 
Буылтық  құрттарда  эволюцияда  алғаш  рет  қан  және 
қан тамырлары жүйесі пайда болды. Ежелгі буылтық 
құрттардан ұлулар, буынаяқтылар типі және омыртқалы 
жануарлардың арғы тегі шықты. 
31-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет