Дара жынысты және гермофродитті гүлдер. Гүлдерде тек аналық тары немесе
тек аталықтары болатын өсімдіктер бар.
Мұндай гүлдер дара жынысты гүлдер деп
аталады. Олар тек
аналық немесе тек
аталық болуы мүмкін. Мысалы, асқабақ
тұқымына жататын барлық өсімдіктер:
асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, патиссон
т.б. бір өсімдікте аталық та, аналық та
гүлдер өседі.
Бірақ көп өсімдіктерде аталығы мен
аналығы болатын гүлдер бар. Мыса-
лы, қызғалдақ, раушангүл, алма, өрік,
шие, алмұрт т.б. Осы өсімдік гүлдерде
аналық та (раушангүлдегі сияқты көптеген
аналық) және аталық та болады. Мұндай
өсімдіктер
қосжынысты немесе
гермафро - дит өсімдіктер деп аталады.
126-сурет.