§19. Ағаш сабағының ішкі құрылысы Ағаш сабағының негізгі төрт қабаты. Сендер араланған ағашты
көрген шығарсыңдар. Егер жаңадан сынған бұтақты немесе ағаш
түбірін қарасаңдар одан айқын ажыратылатын төрт қабатты: қабық,
камбий, сүрек және өзекті көруге болады (54а-сурет). Егер оларды
жарық микроскопымен қараса жасушалардың әртүрлі типін ғана емес,
өсімдік ұлпаларының әртүрлі типінен құралған қабаттарды да көруге
болады (54ә-сурет). Сондықтан сабақтың әрбір қабатын жеке-жеке
қарастырайық.
Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Егер бұл шөптердің сабағы
немесе бірінші жылғы жас бұтақшалар болса, онда олардың бетінде
жапырақ қабықшасына ұқсас мөлдір жабын ұлпасы орналасады. Оның
астында жасыл фотосинтездеуші жасушалар орналасуы мүмкін. Егер ол
қыстап шыққан немесе ескі діңгек болса, онда бетінде өлі жасушалардың
қалың қабаты –
тоз болуы мүмкін. Кез келген жағдайда қабық сабақтың