Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина



Pdf көрінісі
бет124/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

 
Тыныс алу жүйесi: 
1 – мұрын қуысы (кеңсiрiк); 2 – жұт қыншақ; 
3  –  көмекей  қақпақшасы  (өндiршек);  4  – 
көмекей;  5  –  кеңiрдек;  6  –  оң  жақ  өкпе;    7 
–  бронхылар;  8  –  сол  жақ  өк пе;  9  –  қабыр-
ғааралық  бұлшық   еттер;  10  –  кеңiр дек тiң 
жартылай  шемiршектi  сақинасы;  11  –  қа-
бырға; 12 – көкет.
3
2
1
11
10
6
4
9
5


113
Бронõылар
 шеміршекті сақиналардан тұрады. Олар өкпенің ішінде 
бронхы ағашын түзіп едәуір ұсақ 
бронõиолаларға
 тармақталады. 
Өкпе
  –  жұп  мүше.  Оң  жақ  өкпе  үлкен,  ол  үш  бөлікке  бөлінеді. 
Сол жақ өкпе жүрек есебінен кішірек болады, ол екі бөлікке бөлінеді. 
Бронхылар  өкпеге  тармақталады,  бронхылардың  ең  ұсақтары  ауа 
көпіршіктері – 
алüâеоламен
 аяқталады. Әрбір альвеола ұсақ қан тамыр-
лары (капиллярлар) торымен қоршалған. Оларда көмірқышқыл газына 
қаныққан қан тазартылады да, оттекке қанығады. Газалмасу альвеола 
қабырғасы және ұсақ қан тамырлары арқылы жүреді. Альвеола өкпені 
ұяшықты етеді, газалмасу жүзеге асатын бетінің ауданын арттырады.
Өкпе  көкірек  қуысымен  ажырағысыз  байланысқандықтан  тыныс 
алу  қозғалыстарын  жасаймыз.  Егер  қабырғааралық  бұлшық  ет  пен 
диафрагма  жиырылса,  олар  көкірек  қуысының  көлемін  арттырады, 
сәйкесінше өкпені алға, төменге және жан-жағына созады. Бұл кезде 
ауа ішке айдалады. Осылай тыныс алу жүзеге асады. 
Тыныс алу механизмі шприцке ауа толтыруға ұқсайды, поршень 
арқылы ауа толатын қуыс көлемін арттырамыз. 
Егер қабырғааралық бұлшық ет пен диафрагма босаңсыса, көкірек 
қуысы мен өкпе көлемінің кішіреюі есебінен автоматты түрде тыныс 
шығару  жүзеге  асады. 
Тыныс  алу  орталығы
  сопақша  мида  болады. 
Тыныс  алу  және  шығару  ауысымын  ми  басқарады  және  ол  қандағы 
көмірқышқыл газының мөлшері артса, онда қабырғааралық бұлшық ет 
пен диафрагмаға сигнал беріледі де тыныс алу жүзеге асады. Адамның 
тыныс  алу  жиілігі  тыныштық  күйде  минутына  16–18  тыныс  алу 
қозғалыстары болады. 
Қорғаныш тыныс алу қозғалыстарына жөтелу мен түшкіру жатады. 
Егер қандай да бір зат шаң-тозаң түйіршігі немесе басқа нәрсе мұрынның 
шырышты қабатын не көмейді тітіркендірсе, тыныс алу жүзеге асады. 
Түшкірген кезде ауа бірден мұрын арқылы шығарылады, ал жөтелгенде 
ауыз арқылы шығарылады. 
Ауа өтет³н жол, мұрын қуысы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмекей, 
кең³рдек, бронõылар, бронõиолалар, диафрагма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет