25
2. Пайдалы қазбаларды қазып алу және тасымалдау қоршаған ортаға
зиянды әсер етеді. Ашық әдіспен алу (өндіру) кезінде үлкен аумақта
құнарлы топырақ қабаты толығымен жойылады (16-сурет). Шахталық
әдіспен өндіру кезінде жерде алып бос жерлер түзіледі де, кейін олар
бұзылуға әсер етеді. Мұнайды тасымалдаған кезде апат болса (мысалы,
мұнай төгілсе) қоршаған орта ластанады (17-сурет).
3. Өндіріс сияқты ауылшаруашылығы да экожүйеге және жалпы
қоршаған ортаға кері әсер етеді. Бірақ қазіргі заманғы ауылшаруа-
шылығынсыз адамзат санының көбейе алмайтынын ұмытпаған жөн.
Демек, егер неолит дәуірінде адам санын екі есеге көбейту үшін 2500 жыл
қажет болса, 1900 жылы 100 жыл, ал 1960 жылы барлығы 35 жыл жеткілікті
болды.
15-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: