Қорық – бұл шаруашылық пайдаланудан толық алынған аумақ.
Осы жерде адамдардың жаппай демалуына және аң аулау, балық
аулау, орман ағаштарын кесу, мал жаю, шөп шабу, жидектер мен
саңырауқұлақтар жинау, пайдалы қазбалар өнд³ру сияқты кез келген
шаруашылық ³с-әрекеттерге тыйым салынған.
Ұлттық табиғи саябақтар ерекше экологиялық, тарихи және
эстетикалық құндылығы бар табиғат кешендер³н сақтау үш³н құрылған.
Олар ағарту, ғылыми және мәдени мақсатта қолданылады. Бұл жерде
демалуға, денсаулықты қалпына келт³руге, туризммен және спортпен
айналысуға, танымжорық ұйымдастыруға болады. Өс³мд³ктер әлем³ мен
жануарлар дүниес³ қатаң қорғауға алынған.