37
3-БӨЛІМ.
ТІРІ АҒЗАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
§8. Тірі ағзаларды жүйелеу
Жүйелеудің маңызы.
Жүйелеу бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын
және топ бойынша бөлетін биология бөлімі. Жүйелеу заманауи ғылымға
белгілі көптеген ағзалардың ішінен әрбір түрге белгілі бір статус береді.
Бірыңғай жүйелеуге байланысты тірі табиғат алуантүрлілігінде
белгілі бір тәртіп орнатылады. Дүниежүзінің ғалымдары өз білімдерін
оңай қорытындылап, басқаларымен бөліседі. Ағзалардың жүйелік ор-
нын анықтау ғалымдарға ағзаның шығу тегі, басқа ағзаларға ұқсастығы,
тіршілік үдерістерінің ерекшеліктері, басқа түрлер эволюция сындағы
рөлі туралы толық түсінік береді. Сондықтан жүйелеудің жабайы
түрлерді – мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының, олардың
туыстарының арғы тегін зерттеуде маңызы зор. Сонымен қатар зиян-
ды: улы немесе паразит түрлер мен пайдалы түрлерді, мысалы, дәрілік
өсімдіктерді не зиянкестерді жоятын түрлерді зерттеуде маңызды рөл
атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: