44
Эволюциядағы келесі қадам – жасушалардың үш қабатынан
тұратын және бұлшық ет жүйесі бар жануарлардың пайда болуы. Ең
бірінші пайда болған мұндай жануарлар –
жалпақ құрттар
. Оларды
оңай ажыратуға болады, себебі олардың денелері үстінен астына қарай
жаншылған сияқты, сондықтан жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ
құрттардан кейін едәуір жетілген
жұмыр құрттар типі
пайда болды.
Бұл жа нуарларда ішінде алғаш рет ішкі мүшелері орналасқан дене
қуысы пайда болды. Бұл қуыс қысым арқылы сұйықтыққа толы,
сондықтан мұндай құрттар денесінің көлденең қимасы дөңгелек болып
көрінеді.
Әрі қарай омыртқасыздар эволюциясында
буылтық құрттар типі
пайда болды. Бұл тип өкілдерін оңай ажыратуға болады, себебі олардың
денесі жеке буылтықтарға – сегменттерге бөлінген
сияқты. Оларға шұбалшаң, сүлік сияқты жануарлар жа-
тады. Бұл омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі.
Буылтық құрттарда эволюцияда алғаш рет қан және
қан тамырлары жүйесі пайда болды. Ежелгі буылтық
құрттардан ұлулар, буынаяқтылар типі және омыртқалы
жануарлардың арғы тегі шықты.
31-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: