Заманауи жүйелеудің негізін қалаған швед ғалымы
– ботаник
Карл Линней есептеледі. Оның 1735
жылы жарияланған «Табиғат шежіресі» деген
еңбегі жүйелеуді биологияның жаңа бөлімі ретінде
анықтады. Карл Линней құрылысына қарай
ағзаларды топтарға бөлді. Оның еңбектерінде
көптеген қателіктер мен дәлелсіз деректер
болғанымен, Линней жүйесі бірінші жүйе болып
саналады.
Линней еңбегінің жетістігі – түрлерді белгілеу
үшін қос әріп латын атауларын енгізді. Линней еңбегінің тағы бір
маңызы – осы кезге дейін қолданылатын жүйелеу категориясының
көп бөлігін жасады.