Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


контрциклдік көрсеткіштер



Pdf көрінісі
бет188/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

контрциклдік көрсеткіштер
– бұл циклге қарсы жүріп 
отыратын, жандану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фа-
заларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға жата-
тындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын өнім 
қорларының мөлшері жəне т.б.;
3) 
ациклдік көрсеткіштер
– бұл қарқыны экономикалық 
циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық пара-
метрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт жəне 
импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу 
сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.
Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен Киселева-
ның пікірінше, экономикалық жағдаяттың осындай параметр-
лері нің сəйкестілігі немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мы-
салы, 1973-1975 жылдары болған энергетикалық дағдарысқа 
байланыс ты АҚШ-та жəне бірқатар еуропалық елдерде рецес-
сия кезеңінде бағалар деңгейі төмендемей көтерілген болатын, 
бірақ біз баға деңгейі параметрінің проциклдік көрсеткішке 
жататындығын білеміз. 
Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономи-
калық зерттеулер Ұлттық бюросының класификациясы бойынша 
тағы да үш типке бөлінеді: 
а) 
озғыш немесе алдыңғы қатарлы параметрлер
– бұлар 
жандану (құлдырау) фазасы орындалғанға дейін өзінің макси-


257
мум (минимум) нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметр-
лер. Бұларға мыналар жатады: өнеркəсіптегі жұмыс аптасы-
ның ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының орташа саны, 
қайта құрылатын іскерлік кəсіпорындардың саны, қорлардағы 
өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор 
рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша 
массасының өзгеруі; 
ə) 
кешігуші немесе қалып келуші параметрлер
– жандану 
(құлдырау) фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (мини-
мум) нүктесіне келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 ап-
тадан асқан жұмыссыздар саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне 
құрал-жабдықтарға кететін шығындар, жалақыға кететін қомақты 
шығындар, коммерциялық банктердің пайыз мөлшелемелерінің 
орташа деңгейі; 
б) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет