75 6. Тест сұрақтарына жауап беру керек: 1. Жиынтық ұсыныс сілкінісінің əсері қалай байқалады? а) жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуынан (жоғарыға)
ə) жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуынан (төменге)
б) қисық бойымен солға жылжуынан (төменге)
в) жиынтық ұсыныс қисығы көлбеуінің өзгеруінен
2. Мұнайға деген бағаның өсуі ұсыныстың сілкінісі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ ол: а) мұнай ұсынысының өсуіне алып келеді
ə) жалақы шығындарын арттырады
б) мұнайды тұтынушылардың тəуелсіздігін шектейді
в) материалдық шығындарды арттырады
3. «Тегеріш» əсері нені көрсетеді? а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің ар-
туын
ə) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұ-
рақтылығын
б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тө-
мендеуін
в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің тө-
мендеуін
4. Классикалық бағытты жақтаушылардың ең негізгі қағидасы: а) экономикадағы мемлекеттік сектордың басым болуы
ə) ең төменгі жалақы туралы заң енгізу
б) жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығындарды
өсіру
в) экономикаға мемлекеттің араласпау саясаты
5. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары: а) ұлттық өнімге деген сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады
ə) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныстың өзгерісін тудырады
б) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныс көлемінің өзгерісін туды-
рады
в) ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныстың өзгерісін тудырады
6. AS қисығының Кейнсиандық кесіндісіне сəйкес AD-ң өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді? а) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
ə) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады
б) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
в) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді