Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет66/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

«Кейнс кресі» үлгісі
– бұл бағалардың икемсіздігі 
мен экономиканың жұмыспен толық қамтылмағандығы жағда-
йында игіліктер нарығында инвестициялар мен жинақтар 
дың, 


96
жоспарланған шығындар мен ұлттық табыстың жəне сəй кесін-
ше, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін 
қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол жеткізуді қарас-
тыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-
теңдік.
Кейнстік макроэкономикалық талдауда мультипликатор тео-
риясы аса маңызды орын алады. Мультипликатор ұғымы дəлме-
дəл аударғанда «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді. Муль-
типликатор əсерінің мəні: жиынтық сұраныстың құрамындағы 
кез келген автономды құрауыштың (C, I, G, X
n
) бір мəрте өсуіне 
байланысты экономикадағы ұлттық табыстың бірнеше есе ар- 
туы. Немесе, ойымызды басқаша өрбітетін болсақ, суға тасталған 
тас өзінің айналасында толқындарды туғызатындай, экономикаға 
«тас талған» автономды шығындар табыс пен жұмысбастылықтың 
өсуі түріндегі тізбекті реакция əсерін туғызады.
Мысалы, жиынтық шығындардың бір құрауышы ретінде ав-
тономды тұтынудың ұлттық табысқа əсері арқылы автономды 
шығындар мультипликаторын зерттеуге болады. 
Автономды шығындар мультипликаторы
– ұлттық табыс 
немесе тепе-теңдікті ЖІӨ өзгерісінің жиынтық сұраныстағы 
автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне 
қатынасын сипаттайтын сандық коэффициент. Олай болса, бұл 
қатынас былай жазылады:
m = ΔY / ΔА,
мұнда, m – автономды шығындар мультипликаторы; ΔY – 
ұлттық табыстың өзгерісі; ΔА – ұлттық табыстың қарқынына 
тəуелсіз автономды шығындардың өзгерісі.
Жоғарыдағы мысалымызды жалғастырсақ, егер автоном-
ды тұтыну белгілі бір ΔС
a
шамасына өссе, онда бұл жиынтық 
шығындар мен Y ұлттық табысты сол шамаға арттырады, ал өз 
кезегінде, тұтынуды екінші мəрте арттырады (табыстың өсуі-
нен), бірақ МРС • ΔС
a
шамасына өседі. Ары қарай жиынтық 
шығындар мен табыс МРС • ΔС
a
шамасына артады жəне тағы да 
солай «табыстар-шығындар» айналымының жүйесі бойынша өсе 
береді. Осыған орай мультипликатор əсерін мына тізбек бойынша 
көрсетуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет