155
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
– бұл ұсынылатын ақша
көлемі жəне жеке тұлғалар мен кəсіпкерлер қолдарында ұстағысы
келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша
нарығындағы тепе-теңдікті
Ұлттық банк реттейді.
Ақша ұсынысының қисығы (М
s
) тік сызық түрінде болады.
Бұл жерде Ұлттық банк ақша ұсынысын бақылау мақсатында
пайыздың өзгерісіне қарамастан, оның
көлемін тұрақты деңгейде
сақтауға тырысады (6.5-сурет).
Ақша нарығындағы тепе-теңдік А нүктесінде R
0
M
0
деңгейінде
орнайды. Пайыз төмендегенде облигациялардың құны төмендейді,
ал ақшаға сұраныс өседі. Бұл жағдайда экономикалық агенттер
құнды
қағаздарын сата бастайды, нəтижесінде облигацияларға
сұраныс төмендейді. Ол өз кезегінде пайыз мөлшерлемесінің
өсуіне əкеледі. Сөйтіп, қайтадан тепе-теңдік орнайды.
6.5-сурет.
Ақша
нарығындағы тепе-теңдік
Табыс өскенде ақшаға сұраныс өседі жəне ақшаға сұраныс
қисығы оңға-жоғарыға жылжиды (6.6-сурет).
6.6-сурет.
Ақшаға сұраныс қисығының жылжуы
156
Ұлттық банк ақша ұсынысын
қысқартқан жағдайда ақша
ұсынысының қисығы солға жылжиды, пайыз мөлшерлемесі өседі
(6.7-сурет).
6.7-сурет.
Ақша
ұсынысы қисығының жылжуы
Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің ұзақ уақыт сақталуы ба-
ғалы қағаздар нарығы жақсы дамыған жағдайда ғана мүмкін бо-
лады.
Енді бағалы қағаздар нарығына біршама тоқталып өтсек.
Макро экономикада бағалы қағаздар нарығын əдетте, облигация-
лар нарығы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: