210
елдерде халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды əдісі болып
саналады;
−
жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтары-
на жұмыс берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін,
мемлекеттің салықтық жəне заңдық шаралар арқылы ынталан-
дыру;
−
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
−
жұмыс табу үшін қажет болғанда
тұрғылықты мекенжа-
йын ауыстыруына көмектесу;
−
халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмыс-
бастылық мəселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шара-
ларын жүргізу;
−
білім беру, медицина,
коммуналдық шаруашылық, қоғам-
дық ғимараттарды тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салала-
рында жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз
қалғандарды мемлекеттік қолдау жəне оларды əлеуметтік қорғау
шараларын жасайды. Мұндай жағдайда
жұмыссыз азаматтарға
келесідей кепілдемелер беріледі:
−
материалдық көмек, жəрдемақылар жəне басқа да əлеумет-
тік төлемдер түрінде əлеуметтік қолдауды іске асыру;
−
тегін медициналық қызмет көрсету.
Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұ-
мыс сыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асы-
рылады жəне сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі
шығындарын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталып өткендей, еңбек
нарығын реттеуде маңызды
орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кету-
ге болады.
Еңбек биржасы
– бұл жұмыс күшін сату жəне сатып алу-
ды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында
делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады.
Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да,
жұмысқа орналас-
тыру жəне жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдас-
тырылуына жəне тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді жəне
еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін
оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.
211
Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде
еңбек нарығын реттеудің жəне жұмыссыздықты жоюдың жаңа
бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде.
Жаңа қабылданған
Достарыңызбен бөлісу: