Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі



Pdf көрінісі
бет221/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі
– бұл халықтың 
өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТП-
тің əсер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің 
неоклассикалық үлгісі.
Неоклассикалық мектептің өкілі, американдық экономист 
Роберт Солоудың (1924 жылы туылған) экономикалық өсу үл-
гісі көптеген ғылыми əдебиет көздерінде базалық үлгі ретінде 
қарастырылады. 1956 жылы ұсынылған Солоудың экономикалық 
өсу үлгісі бірқатар негізгі алғышарттарға негізделеді:

өндіріс факторлары, еңбек пен капитал өзара алмасты рыла 
алады;

капиталмен қарулану көрсеткіші тұрақты шама емес, ол 
экономикалық жағдаятқа байланысты өзгеріп отырады;
− 
үлгіде мемлекет пен сыртқы орта секторлары қарас 
ты-
рылмайды;
− 
фирмалар мен үй шаруашылықтары секторларынан тұ-
ратын игіліктер нарығы жетілген бəсекелестікке жəне 
икемді бағаларға негізделеді;
− 
үлгіде Кобб-Дугластың өндірістік функциясы қолда-
нылады.
Үлгіде сипатталатын барлық көрсеткіштер бір адамға шақ-
қандағы есептеулермен беріледі, олай болса, жан басына шақ-
қандағы табыс, инвестиция, жинақ көрсеткіштері былай беріледі:
s – ұлттық табыстағы жинақтың үлесі, 0 < s < 1;
y – ұлттық табыс немесе шығарылым көлемі;
i – жоспарланған инвестициялар;
i = sy, яғни инвестициялар = жинақ нормасы × ұлттық табыс;


295
k – еңбектің капиталмен қарулануы (капиталовооружен- 
ность), K / L;
δ – капиталдың істен шығу нормасы.
Үлгіде y шамасы капиталмен қаруланудың функциясы болып 
табылады:
y = f (k).
k шамасы неғұрлым жоғары болса, y көрсеткіші соғұрлым 
үлкен болады (12.2-сурет). 
12.2-сурет. 
Жинақтар, инвестициялар жəне капиталдың қорлануы
Ескерту. Ордината осінде бір жұмысшыға келетін өндіріс 
көлемі, жинақтар мен инвестициялар, ал абсцисса осінде капи-
талмен қарулану шамасы көрсетілген. Жинақ пен инвестиция 
қисықтарының Е қиылысу нүктесіне капиталмен қаруланудың 
тұрақты деңгейі k* сəйкес келеді. Бұл жерде бір жұмысшыға 
келетін өндіріс көлемі оның тұрақты деңгейіне y* сəйкес келеді.
Суреттегі y = f (k) өндірістік функциясы жан басына шақ-
қандағы шығарылым көлемін сипаттайды. Өндірістік функ-
ция қисығының көлбеулігі капиталдың шекті өнімділігімен 
(МРk) түсіндіріледі, яғни кемімелі өнімділік заңына сəйкес, 
бір жұмысшыға келетін капиталдың мөлшері өскен кезде оның 
шекті өнімділігі төмендей береді, сондықтан да y = f (k) қисығы 
капи талдың қорлануы өскен сайын жатыңқырақ қисыққа айнала 
береді.
Жинақтың немесе нақты инвестициялардың қисығы i=sy 
формуласы негізінде құрылады, яғни y k-ның функциясы бол-
ғандықтан, ол былай жазылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет