Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет23/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

I

= (∑P
t
Q

/ ∑P
0
Q
0

× 
100%
мұндағы, Q
0
– базалық (тұрақты) жылдың өндірілген тауарлар 
көлемі;
P
0
– базалық (тұрақты) жылдың тауарлар бағасы;
P
t
– ағымдағы жылдың тауарлар бағасы. 
Пааше индексі
ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер 
бағасына негізделеді.
I
Р 
= (∑Р
t
Q
t
/∑P
0
Q
t

× 
100%
мұндағы, Q
t
– ағымдағы жылдың тауарлар мен қызметтер көлемі.
Пааше индексінде тауарлар мен қызметтердің жиынтығы 
өзгереді жəне оны ЖҰӨ дефляторы деп те атайды.
Фишер индексі
– Ласпейрес жəне Пааше индекстерінің орта-
ша геометриялық шамасы.
I
F
 = √ I
L
 I
P
Баға индекстері елдегі инфляция қарқынын, өмір сүру құ-
нының динамикасын анықтау үшін қолданылады.
Ұлттық экономикада жасырын немесе көлеңкелі экономиканың 
болуы ЖІӨ-нің жəне ҰЕЖ-нің басқа да көрсеткіштерінің ақиқат 
шамаларын айқындауда қиыншылықтар тудырады. Экономикалық 
статистикада көрсетілмейтін экономикалық іс-əрекеттер жасы-
рын жасалады. 
Көлеңкелі экономика
– бұл мемлекетке салық төлеуден жал-
таратын жəне заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономика-
лық қызмет. Ғалымдар көлеңкелі экономиканың элементтеріне 
мыналарды жатқызады:
3–533


34
1. Заңсыз жүргізілетін қызмет түрлері
– есірткі бизнесі, 
қару-жарақ саудасы, жезөкшелікпен айналысу, т.б.
2. Табыс табатын жұмыссыздар
– жұмыссыз болып тірке-
ліп, мемлекеттен жұмыссыздыққа байланысты түрлі жəрдемақы 
алатындар. Олардың табыс көздері болғандықтан, жəрдемақы 
алуға құқықтары жоқ.
3. Қосымша жұмыс істейтіндер
, мұндай əрекетке баратын-
дар қосалқы қызмет орнында салық төлемейді.
4. Қолма-қол ақша немесе затпен төлеу.
Кейбір жалданып 
жұмыс істейтіндер жұмыс уақытында қолма-қол ақшаға жеке 
мə мілелер жасайды (көпшілік жағдайда олар жалгердің құрал-
жабдықтарын жеке мүддесіне пайдаланады) немесе пара алу.
5. Алдау қызметі
– табысты заңсыз түрде иемдену: мате-
риалдық байлықты ұрлау, тұтынушылармен дұрыс есеп айырыс-
пау, тауарды дұрыс жеткізбеу.
6. Заңсыз іскерлік шығындар
– қосымша жеке шығындардың 
іскерлік шығындар ретінде рəсімделуі.
7. Сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайда лану 
əрекеттері.
Көлеңкелі экономика ауқымын жəне оның аясындағы табыс 
көлемін анықтау өте қиын, алайда сарапшылардың бағалауынша 
ЖҰӨ-гі оның үлесі шамамен АҚШ-та – 8-14%, Англияда – 6-8%, 
Франция мен Канадада – 5-8%, Швеция мен Норвегияда – 6-17%, 
Италияда – 30%-ды құрайды.
Шетелдік мамандардың бағалауынша, бұрынғы КСРО-ның 
«жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қа-
тарына кірген. Олардың есептеуінше, ЖҰӨ-нің 5-7%-ы «кө-
леңкелі» секторда өндірілген. Көлеңкелі экономиканың мұндай 
ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне бай-
ланысты болған.
Көлеңкелі экономиканы бақылау жəне есептеу мүмкін болма-
са да, оның бар екенін анықтаудың қарапайым екі əдісін бөліп 
көрсетуге болады:
1. Егер ұлттық деңгейде шығындар табыстан артса, онда шы-
ғындар мен табыстар арасындағы айырмашылық арқылы.
2. Өте ірі ақша белгілеріне сұраныстың өсуі.
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың қазіргі 


35
экономикада мынадай элементтері орын алып отыр: жасырын 
меншік түрлері мен негізгі тəсілдері көптен бері қалыптасқан 
жалған экономика субъектілерінің əрекет етуі. Олармен күресу 
шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді. Отан-
дық ғалымдар көлеңкелі экономикамен күресудің бірден-бір 
тə сілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп 
санайды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел де-
ректері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық баға-
лармен есептегенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет