317
1. Айырбас бағамы төмен болғанда ІS жəне LМ əлемдік па-
йыз мөлшерлемесі қисығынан жоғары нүктеде қиылысады. Бұл
жағдай шет ел инвесторларын берілген ел экономикасына капитал
салуға ынталандырады. Нəтижесінде валюта бағамы көтеріледі,
ІS қисығы төмен-солға ІS* қисығына жылжиды (13.8-сурет).
2. ІS жəне LМ қисықтары əлемдік пайыз мөлшерлемесі дең-
гейінен төмен нүктеде қиылысады. Бұл жағдайда берілген ел ин-
весторлары капиталды сыртқа шығаруға тырысады. Нə тижесінде
валюта бағамы төмендейді, ІS қисығы жоғары-оңға ІS* қисығына
жылжиды (13.9-сурет).
13.8-сурет 13.9-сурет
Сөйтіп, тепе-теңдік ІS, LМ қисықтары мен əлемдік пайыз
мөлшерлемесі деңгейіндегі көлденең сызық қиылысқан нүктеде
тұрақты орнап отырады.
Манделл-Флеминг үлгісі валюта бағамдарының əртүрлі
бо
луы кезінде шағын ашық экономикада жүргізілетін макроэ-
ко
номикалық саясат нəтижелерін талдау үшін қолданылады.
Мұндай саясаттың салдарлары тіркелген жəне құбылмалы валю-
та бағамдары арқылы көрініс табады.
Тіркелген (тұрақты) валюта бағамы кезіндегі макроэ-
Достарыңызбен бөлісу: