358
Мақсаты:
халықаралық сауда
мен сауда саясатын қарастыру, со-
ның ішінде отандық экономиканың сыртқы экономикалық саясаты-
ның ерекшелігін талқылау, экспорт
пен импорттың арақатынасын
анықтау. Осы мақсатқа жету үшін практика сабағында тақырып бойын-
ша мынадай сұрақтардың мəнін ашу керек:
1. Халықаралық сауданың тұжырымдамалары. Сыртқы сауданың
қажеттілігі.
2. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
3. Əлемдік
нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бағалардың тепе-теңдік
деңгейі. Сыртқы сауда ұтымы.
4. Тарифтер теориясы жəне мемлекеттің екі саясаты: протекцио-
низм жəне еркін сауда.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары:
Мақсаты:
тақырыптың талқылау сұрақтарын ұсынылатын əдебиет
көздерінен оқып білу жəне төмендегі тапсырмаларды
орындау арқылы
тақырыпты бекіту.
1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий)
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
−
ҚР сауда саясаты: экспорт пен импорт құрылымының қазіргі
мəселелері;
−
ҚР сыртқы экономикалық қызметі;
−
Қазақстанның қазіргі əлемдік экономикадағы рөлі мен орны.
−
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесі жəне
шетелдік тəжірибе;
−
Қазақстан жəне Еуропалық Одақ:
өзара байланыстар мен
мүдделер;
−
Қазақстан жəне Ислам əлемі елдері экономикаларының өзара бай-
ланыстары, Ислам Конференциясы Ұйымы.
−
Кедендік Одақ жəне бірыңғай экономикалық кеңістік.
−
Жаһандық экономика жəне Қазақстан: өзара мүдделер, мақсаттар,
стратегиялар, мəселелер.
Достарыңызбен бөлісу: