Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет288/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

валюталық басқыншылық
операциясын 
қолданумен ғана белгілі бір деңгейінде ұсталынып тұра алады. Біз 
жоғарыда атап өткеніміздей, валюталық басқыншылық Орталық 
банктің ақша-несие саясатының төртінші жанама құралы ретінде 
Орталық банктің валюта нарығында айырбас бағамының оның 
тіркелген деңгейінен ауытқуы орын алғанда өзінің халықаралық 
резевтерінен шетел валютасын сатып алуы немесе сатуы арқылы 
жүзеге асырылады. 
Мемлекет айырбастың тіркелген бағамы туралы жария-
лай оты рып, оны ұстап тұра алуына сенімді болуы керек жəне 
халықтың да үкіметке деген сенімі жоғалмауы тиіс. Егер Орталық 


382
банк айырбас бағамын 150 тг./USD деңгейінде ресми бекітетін 
болса жəне осы кезде арзан ақшалар саясатын жүргізетін болса, 
онда инфляция қарқынының өсуі валютаның айырбас бағамын 
«қара нарықта» (валютаның еркін нарығы іспеттес) одан сайын 
арттыра түсуі мүмкін, мысалы, 160 тг./USD. Мұндай жағдайда 
алыпсатарлар Орталық банктен долларларды 150 тг./USD бағамы 
бойынша сатып алып оны еркін қара нарықта 160 тг./USD. 
бағаммен барлығына бірдей қайта сата бастайды. 
Қалыптасқан осындай жағдайлар кезінде үкімет пен Орталық 
банк ерте ме, кеш пе, əйтеуір девальвацияға жүгінуге мəжбір 
болады. 
Девальвация
– бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде 
ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету. 
Біздің мысалымыз бойынша, енді Орталық банк жаңа тіркелген 
бағамды жариялайды: 160 тг./USD. Девальвация саясаты сауда 
балансы жəне төлем балансы тепе-теңдігінің мəселесін уақытша 
шеше алады. Себебі үкіметтің осы шарасы тауарлардың экс-
портын арзандатады жəне оны кеңейтеді. Алайда, бір уақытта, 
девальвацияның салдарынан импорттық тауарлар қымбаттай ба-
стайды.
Сонымен, ұлттық валютаны девальвациялау импортерлерге 
тиімсіз жəне экспортерлерге тиімді болып табылады.
Ревальвация
– бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық 
валютаның бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату. Им-
портерлер мен экспортерлер тұрғысынан бұл жағдай девальвация 
шарасына қарама-қарсы болып табылады: импортерлер ұтады 
жəне экспортерлер ұтылады.
Соңында, тағы бір көкейге түйетін жайт, яғни, «девальвация» 
жəне «ревальвация» ұғымдары айырбастың тек тіркелген бағамы 
кезіндегі жағдайларда ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет