Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет215/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

1. Ұсыныс факторлары
– адам ресурстарының болуы, табиғи 
ресурстар, негізгі капитал, технология деңгейі.
2. Сұраныс факторлары
– бағалар деңгейі, тұтыну шығын-
дары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза 
экспорт көлемі.
3. Бөлу факторлары
– экономикалық айналымға тартылатын 
ресурстардың тиімділігі, ресурстардың өндіріс үрдісінде толық, 
əрі ұтымды түрде пайдаланылуы.
Дегенмен, экономикалық өсуде маңызды рөлді ұсыныс фак-
торлары ойнайды. Осының ішінде, еңбек жəне еңбек өнімділігін 
ерекше атап өтуге болады, яғни еңбек экономикалық өсудің 
факторы ретінде еңбек өнімділігі көрсеткішімен анықталады. 
Еңбек өнімділігі
– бұл бір жұмысшыға келетін өндірістің жал-
пы көлемі жəне ол мына қатынаспен анықталады: 
Y/L
, мұнда 
Y - шығарылым көлемі, L - экономикадағы жұмыспен қам-
тылғандар саны немесе еңбектің істелген адам-сағат саны. 
Əртүрлі елдердің келтірген есептеулерінде еңбек өнімділігінің 
деңгейі неғұрлым жоғары болса, жан басына шаққандағы ЖІӨ 
деңгейі де соғұрлым жоғары болады деп саналады. 
Жоғарыда аталып өткендей, экстенсивті экономикалық өсу 
кезінде белгілі бір уақытта, еңбек өнімділігінің шамасы өзгер-
мейді, яғни, 
Y/L
шамасы тұрақты болып қалады. Ал интен сивті 
экономикалық өсу кезінде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жұмыспен 
қамтылғандар санының өсу қарқынына қарағанда тезірек болады, 
яғни еңбек өнімділігі артады.
Еңбек өнімділігінің артуына технологиялық прогресс факто-
ры аса маңызды түрде əсер етеді. 
Технологиялық прогресс
– 
бұл өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жəне басқарудың жаңа 
əдістері, жаңа ақпараттық технологиялар, өндірістік үрдісте 
қолданылатын ғылымның əртүрлі салаларындағы ашылымдар 


289
мен жаңалықтар жəне басқа да заманауи жетістіктер. Сонымен 
қатар, білім жəне адам капиталы сияқты ерекше факторға жəне 
оның экономикалық өсуге қосатын үлесіне де маңызды түрде 
көңіл бөлген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет