62
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің
өндірістік мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға
негізделіп құрылады:
•
өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қол-
дағы бар технологияға байланысты анықталады,
ал баға деңгейіне
тəуелді емес;
•
өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге ріс-
тер өте баяу жүзеге асырылады;
•
экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда
жұмыс істейді, жəне сəйкесінше, өндіріс
көлемі өзінің потенци-
алды көлеміне тең болады;
•
бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері
нарықтардағы тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде болады.
Ол өндіріс көлемінің табиғи (потенциалды)
деңгейін сипаттайды
(3.3-сурет), яғни жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде
болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық қамтылатын жағ дай-
да қарастырылады. Жиынтық сұраныстың өзгерістері бағалар
деңгейін өзгертеді (3.4-сурет). Мысалы,
ақша ұсынысының
төмендеуі кезінде AD
1
қисығы солға (төмен) AD
2
жағдайына
ығысады. Экономикалық тепе-теңдік E
1
нүктесінен E
2
нүктесіне
ауысады, бірақ өндірілген өнім көлемі AS
ұзақ мер.
өзінің
бұрынғы
деңгейінде сақталып қалады.
Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығындағы өзгерістер
өндіріс факторлары мен технологияларды өзгерту кезінде орын
алуы мүмкін.
3.3-сурет.
Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы
63
Қысқа мерзімді кезеңде мұндай үлгі қолданылмайды.
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа
мерзімді кезеңде қарас-
тырады жəне ол келесі алғышарттарға негізделеді:
•
экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған
жағдайында жұмыс істейді;
•
тауар бағалары, атаулы жалақы жəне
басқа да атаулы шама-
лар тұрақты, яғни икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу əсер
етеді;
•
нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбасты-
лық) нарықтық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді.
Кейнстік үлгіде AS қисығы көлденең сызық түрінде
болады
(3.5-сурет).
Жиынтық сұраныс тарапынан болатын өзгерістер өндіріс
көлеміне əсер етеді, ал бағалар деңгейі өзгеріссіз қалады. Мы-
салы, ақша ұсынысының төмендеуі AD
1
қисығын AD
2
қисығына
Достарыңызбен бөлісу: