Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет16/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   187
Мектепке дейінгі
педагогика 
– бала өмірінің алғашқы күнінен 
бастап (туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту 
және білім беру туралы ғылым. Педагогика ғылымдарының басты 
саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. 
Коменский. Оның «Ұлы дидактика» атты кітабында алғашқы рет 
мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген. Я.А. Коменский теориясының 
коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті.
Заманауи мектепке дейінгі педагогика, біріншіден, тәрбиелеу 
және оқыту процесін, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, 
ұйымдастыру түрлерін, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін, 
құралдарын; екіншіден, бұл процестің баланың дамуына, тұлға ретінде 
қалыптасуына әсерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика 
қолданбалы функция да атқарады – тәрбиелеу мен оқытудың жаңа, 
неғұрлым жетілдірілген бағдарламалары мен әдістерін жасаумен 
шұғылданады. Әлеуметтік ғылым бола отырып, жас ұрпаққа білім 
беру саласында заманауи қоғам талаптарымен тығыз байланыста 
болады. Мектепке дейінгі педагогика білім беру жүйесін дамыту 


16
тенденциялары мен перспективаларын, тәрбиелеуді ұйымдастыруды 
қарастыратындықтан оның прогностикалық рөлі басым екендігі 
күмән тудырмайды. Ғылыми болжам негізінде тәрбиелеудің жаңа 
тұжырымдамалары, білім стандарттары жасалады; балаларды жанұя 
және мектепке дейінгі мекеме жағдайында тәрбиелеудің теориялық 
негіздері мен технологиялары қарастырылады, түрлі типтегі, оның 
ішінде балама типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесінің 
ерекшеліктері зерттеледі (1-сызба).
1-сызба


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет