Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері (Ю. К



Pdf көрінісі
бет74/187
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#82391
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187
Білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі критерийлері (Ю. К. 
Бабанский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин):
• 
Білім беру мазмұнында әлеуметтік тәжірибенің барлық 
компоненттерін тұтастай көрсету.
• 
Меңгерілуге тиісті мазмұнның ғылыми және практикалық 
жоғары маңыздылығы.
• 
Мазмұнның күрделілігінің берілген жастың шынайы 
мүмкіндігіне сәйкес болуы.
• 
Берілген мазмұнды оқып үйрену үшін оның көлемінің бар 
уақытқа сәйкестігі.
• 
Мазмұнның білім беру мекемесінің қолда бар оқу-әдістемелік 
және материалдық базасына сәйкестігі.
• 
Тәжірибені байыту, әлемдік білім беру стандартына 
сәйкестендіру мақсатында білім мазмұнының халықаралық құрылу 
ерекшеліктерін ескеру.
Білім беру мазмұнының теориялық негіздерін қарастырғанда біз 
И. Я. Лернердің, В. В. Краевскийдің тұжырымдамаларына сүйендік. 
Олардың білім беру мазмұнына педагогикалық бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе ретінде анықтама беруі көбінесе ізгілікті ойлау ұстанымдарына 
сәйкес келеді. Тұжырымның мағынасы – тұтастай тұлға білім, білік 
және дағдылармен шектелмеу керек. Тұлға көпжақты, ол өзінің эмоци-
ясымен, құндылығымен, дүниеге көзқарасымен, мотивтер жүйесімен, 
сол шығармашылдық мүмкіндігімен сипатталады. Бұл - субъект.
Білім беру мазмұнының құрылымын анықтайтын басқа да 
тұжырымдамалар бар. Ұзақ уақыт бойы білім беру мазмұнын білім, 


71
білік және дағды жүйесі деп қарастыратын анықтамалар жетекші 
орында болды. Ол білім беру мекемелерін оларды аға ұрпақтан кіші 
ұрпаққа беруге бағдарлады. Соның салдарынан оқытудың репродуктік 
әдістері басымдық алды, ол іс-әрекеттің бір түрін қайталай беру-
ге және іс-әрекетті үлгі бойынша орындауға бағдарлады, оқыту 
процесіне продуктивтік әдістерді енгізбеді. Бұл тұжырымдама адамзат 
мәдениетінің барлық компоненттерін меңгеруге бағытталмаған және 
олардың екеуімен ғана шектеледі.
Әлеуметтік тәжірибе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет