Карталар сериясы. Географиялық карталар жеке беттермен
жəне сериямен басылып шығуы мүмкін. Картографияда серияға
(латын тілінде қатар, топ) қандай да бір біріктіретін жалпы
белгілері бар немесе бір текті карталар тобын жатқызады. Оған
мазмұны бірдей болғанымен, қамтыған аумағы əртүрлі немесе
мазмұны əртүрлі болғанымен қамтыған аумағы бірдей карта-
лар жатады. Белгілеріне қарай географиялық карталар сериялары
төменде көрсетілген үш түрге бөлінеді:
1) əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті; 2) бір аумақтың
мазмұны əртүрлі; 3) бір аумақтың мазмұны біртекті.