Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)



Pdf көрінісі
бет187/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

5.3. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі 
масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне монито-
ринг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін 
шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған 
қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динами-
касын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды 
талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған 
карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде 
жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, 
сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан 
жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карта-
лар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі 
дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты 
болуымен ерекшеленеді. ГАЖ белгілі бір аумаққа нысандардың 
кесте (электронды карталар, слайдалар, фототүсірулер, диа-
граммалар) мəтін-кесте түріндегі сипаттамалары бар кешенді 
ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді. Нысандардың 
артибутивті деректер базасымен үйлестірілген ГАЖ карталар 
электронды түрде қолданылады жəне жедел карта ретінде қағазға 
бастырылып шығарылады. 
Картографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда ГАЖ-үлгілеу, ба-
сып шығару, картографиялық шығармаларды құру, бақы лау, əртүрлі 
шешімдер қабылдау қызметін атқаратын, кес теалық, тақырыптық 
деректер базасымен жұмыс істеуге арнал ған автоматтандырылған 
жүйе. ГАЖ деректерді тез іздеуге, аэро ға рыш тық фотосуреттерді 
өңдеп, түрлендіруге жəне оларды сан дық карталармен үйлестіруге, 


216
проекциясы мен масштабын өзгер туге, əртүрлі үлгілерді қолдана 
отырып кеңістіктік өзара байла ныс ты анықтауға, сонымен қатар, 
кең көлемді ақпараттарды син тез деуге мүмкіндік береді. Картогра-
фиядан айырмашылығы ГАЖ басымдық деректер мен алуан түрлі 
формада ұсынылған нəти же лерді (карталар, кестелер, кестетер, 
фотосуреттер) талдау ға арналған. 
Геоақпараттық жүйелерге төменде көрсетілген жүйе 
тармақтары енеді: 1) деректерді жинау (əртүрлі дерек көздеріндегі 
деректерді алдын-ала талдау); 2) деректерді сақтау жəне іріктеу; 3) 
деректерді манипуляциялау жəне талдау; 4) қорытынды шығару.
Сəулеті (деректерді ұйымдастыруы) жағынан ГАЖ бірнеше 
түрге бөлінеді. 
Жабық
түрлері
қолданылуы қарапайым жəне арзан 
болуымен ерекшеленгенімен,пайдаланушымен сараланбайды. 
Көптеген қосымшалар мен көбейткіштерден тұратын
арнайыла-
ры
белгілі бір ауқымды міндеттерді шешу мақсатында құрылады. 
Соңғыларын орнату есебінен олардың бағасы қымбаттайды. 
Ашық түрі өте қымбат болғанымен, қосымша шығынсыз ұзақ 
пайдалануға болады. 
Сонымен қатар, ГАЖ 
кəсіби
(мысалы, бірінші деңгейлі ESRI 
ArcInfo, InterGraf MGE жүйелері) жəне
 столүсті
(мысалы, 
екінші деңгейлі MafInfo, GeoDraw/GeoGraf, WinGis жəне тағы 
басқа жүйелер). Жоғары сапалы ГАЖ қымбат тұрады. 
ГАЖ негізгі бөлігі 
тақырыптық жəне кестетік
болып 
бөлінетін деректер базасы (ДБ). Терілген деректері бар бұл 
файл векторлық/растрлық жəне деректер базасын басқаратын 
жүйе файлдарына сəйкес келеді. Нысан жеке приметивтерден 
немесе олардың топтарынан тұруы мүмкін атрибутивті кесте-
лермен (тақырыптық деректер базасымен) байланыстыратын əр 
нысанның өзінің бірғана сан-сəйкестендіргіші (идентификато-
ры) болады. Кестетік приметивтер мен олардың атрибуттарының
үйлесуі қарапайым нысан түзеді.
ГАЖ-гі карта бір тақырыпқа біріктірілген жеке нысандар-
дан тұратын қабаттарды теру арқылы ұйымдасқан. Тақырыптық 
ДБ тақырыптық мазмұнының элементтері мен картада тікелей 
ұсынылмайтын қосымша деректерді сақтайды. Деректер база-
сын басқару жүйесін (ДББЖ) жүзегеасырылатын (PARADOX, 
DBASE, ORACLE) файлдары жазудан, ал əр жазу үйлескен жол-


217
дардан тұрады. Жазулардың үйлесуі қарапайым ДБ түзеді. Кез-
келген деректер базасы берілген өлшемдер бойынша сұранысты 
іздеу қабілетіне ие болады. Таңдау нəтижелері картада көрініс 
тауып талдау үшін негіз болуы немесе басқа қабатқа көшірілуі 
мүмкін. ДБ жолдарымен жұмыс істеу қызметі жолдың аты мен 
оның маңызын, құрылуын, саралануы мен жолды жоюды, каль-
куляцияны, жіктеуді, деректерді қайта топтастыруды немесе 
топтардың жалпы мəні негізінде жаңа мəнді алуды қамтиды. 
Калкуляция – бұл енгізілген формула бойынша ДБ жинақтау 
немесе оның жаңа мəнін алу (мысалы, картаның масштабы 
бойынша жер телімінің ауданын өлшеу). Жіктеу-бұл жіктеу 
ережесі бойынша жолдың жаңа мəндерін алып əртүрлі типтегі 
нысандарға сапалық бірлігі бойынша сандық кодтар беру. Нысан-
дарды мұндай топтастыру 
жіктеу кестесі
деп аталады. 
ДБ утелиттері мен ГАЖ кестетік утелиттері əртүрлі тал-
дау қызыметтерін атқаруға жағдай тудырады. Зондлау картада 
болмаған аймақтарды (мысалы, нүктелі ластаушылардың əсерету 
аймағы). Белгілі бір өлшемдер бойынша ДБ көмегімен нысандар-
ды бөліп алу нысаннан белгілі бір өлшемдер немесе өлшемдер 
тобын қанағаттандыратын жаңа қабат түзуге, сонымен қатар, 
қажет болған жағдайда ескісін жаңартып түрлендіруге мүмкіндік 
береді. Желілік талдау жақын немесе біршама қолайлы жолды 
таңдау; қандайда бір нысандар торының нысанға ықпал ететін 
аймағын; қажетті мекен-жайды тағы басқаларды анықтау үшін 
қолданылады. Біршама ірі ГАЖ-де (ArcInfo, InterGraf) де растрлы 
бейнелерді талдау, беттердің үлгілерін жасау, арнайы талдау тағы 
басқа қызметтері бар. 
ГАЖ деректер базасын, электронды карталарды, навигациялық 
жəне іздеу жүйелерін құруға қолданылатын əмбебап жүйе бо-
лып табылады. Бірақ онда картаны толық қанды рəсімдеп басып, 
дəстүрлі əдіспен басып шығаруға дайындауға мүмкіндік беретін 
бағдарламалар жоқ. ГАЖ кемшіліктеріне төменде көрсетілгендер 
жатады:
– сызықтарды қисық безьемен ұсынатын сызықтардың (қи-
сық тар сынық сызықтарға аппрексимияланатындықтан, бейне-
нің сапасы жоғалатындықтан, сандау кезінде жұмыс пен файлдың 
көлемдері ұлғаяды) жоқ болуы;


218
– күрделі шартты белгілерді жасау мүмкіндігінің болмауы;
– бір ғана жүйе (RGB) түсті ұсына алады;
– дизайнерлік нəтиженің жоқтығы;
– фототеру құралуын ұсыну мүмкіндігінің болмауы.
ГАЖ-де карталарды бастырып шығаруға дайындау қатты 
көшірмені принтер мен плоторда шығару арқылы жүзргізілуі же-
дел міндеттерді шешуге жеткілікті. Бірақ аталған қондырғының 
деректерді өткізу шегінің (300-600 dpi) төмендігі, сонымен қатар, 
сапасы мен қымбаттығы карталарды тираждауға қолдануға 
мүмкіндік бермейді. Түс бөлетін үлдірлерді фототеретін автомат-
тарға енгізу, деректерді өткізу шегін 2500 dip жəне одан да 
жоғарыға арттырады. 
Бастапқыда ГАЖ картографиялық өнімнің барлық түрлерін 
құруды көздейтін əмбебап құрал болу мақсатын көздеген жоқ. 
Басымдық оның талдау мүмкіндігі мен ДББЖ байланысының бо-
луына байланысты берілді.
Картографиялық мақсат та қолдануға ГАЖ-САЖ (немесе 
тек САЖ) қолайлы. Жоғарыда аталған əдістердің үйлесуінің 
артықшылықтарын көрсететін ГАЖ-САЖ технологиясының 
болашағы зор.
САЖ-ды пайдалану картаны құрудың технологиялық тізбегін 
ең төменгі шегіне дейін қарапайым етуге мүмкіндік береді. 
Деректерді ГАЖ нен САЖ-не конвертациялауды, қайта рəсімдеуді, 
сызықтарды жойуды тағы басқаларды болдырмайды. Барлық 
қабаттар бойынша сандау, рəсімдеу, саралау жəне ескертулерге 
түзету енгізу тек САЖ жүргізіледі жəне қатар орындалады. 
Қазіргі кезде ГАЖ мен баспа бағдарламаларын бір-бірімен 
жақындау үдерісі байқалуда. ГАЖ-дің кестетік мүмкіндіктері 
біршама кеңейуде жəне деректерді экспорттау САЖ классикалық 
(ai, eps тағыда басқа) пішімінда жүргізілуде. ГАЖ бірқатар 
қызметтері САЖ-не енгізілуіне байланысты біршама танымал
ГАЖ-форматтар мен ДБ қолдайтын модульдер екіншісіне икем-
делуде. Мысалы, MapPablisher деректерді ГАЖ ден конверта-
циялайды да олардың нысандарын ДБ-мен байланыстырады, 50 
астам проекциямен байланысты қолдайды. Түсірулерге коор-
динатты дəл байланыстырады. Бірақ ол ақпараттарды танымал 
ГАЖ-ден САЖ ортасына экспорттау үшін жиі қолданылады. 


219
Қазіргі кезеңдегі компьютерлік технологиялар дəстүрлі 
карталардың электронды нұсқаларын құрумен қатар карто-
графиялық шығармалардың жаңа заманауи түрлерін қалып тас-
тыруға мүмкіндік береді. Егер электронды картаға дыбыстық, бей-
не немесе анимациялық нəтиже берілсе онда олар мультимедиялық 
қосымша түріне көшеді. Ақпараттар жан-жақты əрі нақты 
берілген картографиялық шығармалар энциклопедияларға жақын 
болады. Мұндай өнімдерде сезім мүшелерімен байланысқан 
əртүрлі ақпараттық орталар қолданы 
ла 
ды. Мультимедиялық 
картографиялық өнімнің негізгі түріне көрінетін электронды кар-
талар жүйесінен тұратын электронды атластар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет